сабақ

Жұмыс мақсаты:

Үйкеліс күшінің тіректің реакция күшіне тәуелділігін анықтау, үйкеліс күші мен беттер жанасу аймағының бір біріне тәуелділігі бар екенін анықтау және үйкеліс коэффициентін анықтау. 

Күтілетін нәтижелер:

1. Тіректің реакция күші үйкеліс күшіне тура пропорционалды.

2. Үйкеліс күші жанасу беттерінің аймағына тәуелді емес.

3. Зертханалық жоба барысында анықталған үйкеліс коэффициенті кесте үйкеліс коэффициентімен сәйкес келеді.

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.

Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:

Теориялық бөлім

Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын және дененің қозғалыс бағытына қарама-қарсы бағытталған күшті сырғанау үйкеліс күші деп атайды. 

Тіректің денеге әрекет ететін күшін тіректің реакция күші деп атайды. 

Үйкеліс күшінің формуласы 

F = m N

 m — үйкеліс коэффициенті, ал N — тіректің реакция күші.

Осы формуладан үйкеліс коэффициентінің формуласын шығаруға болады

m = F/N

 Кесте бойынша үйкеліс коэффициентінің мәні m = 0.25.

Дереккөздер:

  1. Үйкеліс күші. (2017). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 7-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Динамометр. Осы эксперимент үшін біз динамометр құралын қажет етеміз. Оны кеңсе тауарлардан және қолжетімді заттардан жасауға болады. 

Динамометрді жасау үшін, бізге картон қағаз, сызғыш, парақ, жіп пен ине, кеңсе резеңкелері, қысқыш, қағаз қыстырғыш, массасы белгілі жүктер керек. Керекті материалдарды дайындап қойыңыз. 

1-қадам. Ең алдымен картон қағазды алып оны төртбұрышты қиямыз, оған ақ қағаз жапсырамыз. Ол қағазға динамометрдің шкаласын саламыз. 

2-қадам. Жіп пен ине қолдана отырып динамометрдің көрсеткішін жасаймыз, оны резеңкеге бекітіп қоямыз

3-қадам. Қағаз қыстырғышты пайдалана отырып, динамометрдің жүк ілгішін жасаймыз және резеңкеге бекітіп қоямыз. 

4-қадам. Резеңкенің тыныштық күйін нөл Ньютон деп шкалаға белгі қоямыз. 

5-қадам. Динамометрге максималды салмақпен жүк тартамыз, оны динамометрдің максималды көрсеткіші деп белгілейміз. 

6-қадам. 0 мен максималды ауытқу арасында сызғыш арқылы қалған белгілерді сызғыш арқылы белгілеп қоясыз.  

Тәжірибе 1. Үйкеліс күшінің тіректің реакция күшіне тәуелділігін бақылау.    

Жұмыс барысы:  

1-қадам. Динамометрдің бөлік құнын анықтаңыз. 

2-қадам. Жүктің салмағын өлшеп, кестеге жазып қойыңыз. 

3-қадам. Жүк пен динамометрді горизонталды түрде орнатып қойыңыз. Динамометрге жүкті қадап, динамометрді бірқалыпты түрде қозғалтыңыз. Динамометрдің көрсеткішін кестеге енгізіп қойыңыз, бұл көрсеткіш үйкеліс күшінің мәні.

4-қадам. Жүк қоса отырып, екінші және үшінші қадамдарды қайталаңыз. Деректерді кестеге енгізіп қойыңыз. 

5-қадам. Кесте деректерін пайдалана отырып, үйкеліс күші мен тіректің реакция күшіне тәуелділік графигін сызып қойыңыз. Қортынды жасаңыз. 

Тәжірибе 2. Үйкеліс күшінің жанасу беттерінің аймағына тәуелділігін бақылау.

Жұмыс барысы:  

1-қадам. Енді жүктерді қырымен орналастырыңыз және үйкеліс күшін Fүй2  өлшеп алыңыз. Жүктерді қоса отырып, қайталаңыз. Деректерді кесте енгізіңіз.

2-қадам. Кестеге енгізілген мәліметті салыстырыңыз, бұрынғы жасалған тәжірибедегі үйкеліс күші Fүй1, екінші тәжірибедегі үйкеліс күшінен айырмашылығы бар не жоқ екенін талдаңыз. Қорытынды жасаңыз. 

Тәжірибе 3. Үйкеліс коэффициентін анықтаңыз.  

Жұмыс барысы:  

1-қадам. Әр тәжірибе үшін үйкеліс коэффициентін есептеңіз.

2-қадам. Есептеген үйкеліс коэффициентін кестедегі үйкеліс коэффициентімен салыстырыңыз. Қорытынды жасаңыз.

Зерттеу бөлімі

СалмақP, НДинамометрдің өлшеу қателігіΔF, НҮйкеліс күшіFүй1, НҮйкеліс күші мен өлшеу қателігі Fүй1±ΔF, НҮйкеліс күшіFүй2, НҮйкеліс күші мен өлшеу қателігі Fүй2±ΔF, НҮйкеліс коэффициенті
1       
2       
3       
4       

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Үйкеліс күші тіректің реакция күшін өзгерткен кезде қалай өзгерді?
  • Үйкеліс күші беттердің жанасу аймағын өзгерткен кезде қалай өзгерді?
  • Тәжірибеден есептелген үйкеліс коэффициенті кесте үйкеліс коэффициентіне сәйкес келе ме? Егер айырмашылықтары болса, не себептен деп ойлайсыз? 

Қорытынды

Зертханалық жұмыс барысында оқушылар осы қортындыларға көз жеткізу керек. Үйкеліс күші тіректің реакция күшіне тәуелді және тәуелділігі тура пропорционалды. Үйкеліс күші беттердің жанасу аймағына тәуелді емес.

Бағалау