Қарлы боран
Жобаның мақсаты:
- Қысқы табиғи құбылыстарды зерттеу және ғылыми қызығушылықты арттыру.
- Балаларды сұйықтықтардың қасиеттерімен және олардың бір-бірімен әрекеттесу ерекшеліктерімен таныстыру.
- Эксперимент жасау арқылы бақылау, талдау және қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру.
Қалыптастырушы дағдылар:
- Қоршаған ортаны тану: Қарлы боранның табиғатта қалай пайда болатынын түсіну және оны зерттеу.
- Танымдық қабілет: Балалар әртүрлі сұйықтықтардың қасиеттерін зерттеп, олардың тығыздықтарының айырмашылығын бақылайды.
- Зерттеу дағдылары: Эксперимент жүргізу барысында бақылау, болжам жасау және нәтижені талдау қабілеттерін дамытады.
Жобаның құндылығы:
Бұл жоба балаларды қыс мезгілінің сұлулығымен және табиғаттағы қарлы боран құбылысымен таныстырады. Эксперимент барысында олар қардың ауада қалай айналып, ұшатынын, боран кезінде қандай өзгерістер болатынын бақылап, табиғи құбылыстарды зерттеуге қызығады. Сонымен қатар, тәжірибе балаларға қысқы көріністі өз көздерімен тамашалауға мүмкіндік беріп, олардың ғылыми танымдарын кеңейтеді. Қарлы боранды банка ішінде жасау арқылы балалар қыстың сиқырын сезініп, оны өз қолдарымен қайталап жасауға мүмкіндік алады. Бұл олардың бақылаушылық қабілеттерін дамытып, қысқы табиғатқа деген қызығушылығын арттырады.
Тәрбиешіге арналған нұсқаулық
- Балаларға қыс мезгілі, қар туралы қысқаша әңгіме айтып беріңіз.
- Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
- Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
- Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
- Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
STEAM жобасындағы қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз Қауіпсіздік ережелері
Тәжірибелік бөлімі
1-қадам. Суға ақ түсті бояуды қосып араластырыңыз.

2-қадам. Бөтелкеге балалар майын құйыңыз.

3-қадам. Бөтелкеге суды құйыңыз. Ақ түсті су майдың төменгі бөлігіне түседі.

4-қадам. Қоспаға глиттер салыңыз.

5-қадам. С витаминін ұсақ бөліктерге бөліп, банкаға салыңыз.

Дайын! Не болатынын бақылаңыз! Ақ су балалар майы арқылы көпіршіп, Бөтелкеде кішкентай қар боранын жасайды! Қар бораны шашамен 45 секунд жүреді.
Сіз бұл тәжірибені С витаминін қосу арқылы көп рет қайталап жасай аласыз. Тек ақ судың ыдыстың түбіне тұнғанын күту керек, бұл шамамен 5 минуттай уақыт алады.

Қорытынды
Бұл жоба балалардың ғылыми ойлауын, бақылаушылық қабілеттерін және зерттеу дағдыларын дамытуға көмектеседі. Қарлы боранды банка ішінде жасау арқылы олар табиғи құбылыстардың жұмыс істеу принциптерін түсінеді және ғылыми процестерге қызығушылық танытады. Эксперименттік жұмыс балаларды танымдық белсенділікке ынталандырып, оларды болашақ STEAM-жобаларға шабыттандырады.
