Қысқы пейзаж

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты:

Қыс мезгілінің ерекшеліктерін түсінуге көмектесетін интерактивті қолөнер жобасын жүзеге асыру. Балаларды табиғаттың маусымдық өзгерістеріне қызықтыру және олардың қиялын жетілдіру.

Қалыптастырушы дағдылар:

  • Моторика және қол икемділігі: Жұмсақ пластилинді пішіндеу және оны дұрыс орналастыру;
  • Шығармашылық ойлау: Үйдің және қосымша элементтердің дизайнын өз қалауынша безендіру;
  • Кеңістіктік және логикалық ойлау: Үш өлшемді фигураларды үйлестіру және дұрыс орналастыру.

Жобаның құндылығы:

  • Қиял мен шығармашылық еркіндік: Әр бала өзіне тән қысқы үйді жасап, оны ерекше безендіреді.
  • Табиғатқа сүйіспеншілік: Табиғаттың маусымдық ерекшеліктерін түсіну және қыс мезгілін эстетикалық тұрғыдан қабылдау.
  • Өз күшіне деген сенім: Балалар өз қолдарымен жасаған жұмыстың нәтижесін көреді, бұл олардың өз-өзіне деген сенімділігін арттырады.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Қыс мезгілі және оның ерекшеліктері туралы шағын әңгіме өткізіңіз.
  • Балаларға сұрақтар қойыңыз: «Қысқы үй қандай болуы мүмкін?», «Қыс мезгілінде табиғат қалай өзгереді?»
  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек. 
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз. 
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Тәжірибелік бөлімі

1-қадам. Қатты қағаздан диаметрі 20 см болатын шеңбер қиып алыңыз. 

2-қадам. Қатты қағаздың үстіне мақтаны желімдеп шығыңыз. Бұл ақ қарға оранған жерді сипаттайды. 

3-қадам. Бөтелкенің жоғарғы жағын кеңселік пышақпен кесіп алыңыз.

4-қадам. Бөтелкені картонға жабыстырыңыз.

5-қадам. Ақ түсті жұмсақ пластилиннен бөтелкенің сыртын орап шығыңыз.

6-қадам. Қызыл түсті жұмсақ пластилиннен үйдің шатырын жасаңыз.

7-қадам. Көк түсті жұмсақ пластилиннен үйдің есігін жасаңыз. Қалауыңызша есікті сәндеңіз.

8-қадам. Үйдің терезелерін жасаңыз. Ақ пластилинді жылжытып бөтелке көрінетіндей ойық жасаңыз. Көк түсті жұмсақ пластилиннен үйдің тезесесін жасаңыз. Үйдің екінші жағына да терезе жасаңыз. Үйдің екінші жағына да терезе жасаңыз. 

9-қадам. Үйдің шатырына ақ түсті жұмсақ пластилиннен қар жауған сияқты сәндеңіз.

10-қадам. Есікті, терезелерді қызыл сары түсті жұмсақ пластилинмен көк түстің сыртынан орап шығыңыз. Немесе өз қалауыңыз бойынша есік терезелерді сәндеңіз. 

11-қадам. Жасыл түсті жұмсақ пластилиннен шырша жасаңыз. Ақ түсті жұмсақ пластилиннен қар жауған сияқты сәндеңіз.



Дайын! Қысқы мұздан жасалған үйіміз дайын. 

Қорытынды

Бұл жоба балалардың шығармашылық қабілеттерін, ұсақ моторикасын және кеңістіктік ойлауын дамытады. Олар табиғаттың маусымдық өзгерістерін таниды және өз қолдарымен әдемі қысқы композиция жасап, нәтижесіне қуанады. Сонымен қатар, бұл жоба балалардың өзін-өзі көрсетуіне және ұжымдық жұмыс арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамытуына мүмкіндік береді.