1 апта
Жобаның мақсаты
1. Кеңістік пен уақытты зерттеу.
2. Күн сағатын жасау.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
– Сабақтарда әр оқушы жеке жұмыс істейді.
– Оқушылар кеңістік пен уақыт сияқты тақырыптармен танысуы керек.
– Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын, оқушыларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.
– Оқушыларға протектормен (немесе смартфонның фонаригімен) қалай жұмыс істеу керектігін көрсетіңіз және түсіндіріңіз.
– Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Құрметті оқушылар, сұрақтарға жауап беріңіз:
– Уақытты қалай өлшейміз?
– Уақыт деген не?
– Сіз өз уақытыңызды бағалайсыз ба?
– Күн сағаты дегеніміз не және ол қашан қолданылды?
Уақыт – жылдам және оны кері бұру мүмкін емес. Әр секундыңызды бағалаңыз!
Уақыт – бұл біз күн сайын айналысатын және өткенді, бүгінді және болашақты сипаттайтын нәрсе.
Уақыт – секунд, минут, сағат, күн, апта, ай және жылмен өлшенеді.
Уақытты бақылау үшін-сағатты қолданамыз (хронометр)

Күн сағаты дегеніміз не?
Күн сағаты-көлеңке ұзындығының гномоннан өзгеруіне және оның цифрблат арқылы қозғалысына байланысты уақытты анықтауға арналған құрылғы. Бұл сағаттардың пайда болуы адам күн көлеңкесінің ұзындығы мен белгілі бір заттардан орналасуы мен күннің аспандағы орны арасындағы байланысты түсінген сәтке байланысты.
Қазіргі уақытта күн сағаттары іс жүзінде мақсатына сай пайдаланылмайды және басқа сағаттардың әртүрлі түрлеріне жол берді.
Ал сіздер елордамыз Астана қаласында қоладан жасалған күн сағаты орнатылғанын білдіңіздер ме?

Практикалық бөлім
Қадам 1. Күн сағаты үшін барлық қажетті материалдармен танысыңыз

Қадам 2. Ақ картонның бір бөлігін алыңыз. Табақтың немесе циркульдің көмегімен шеңбер сызыңыз

Қадам 3. Әрі қарай, шеңберді кесіңіз

Қадам 4. Цифрблат сызамыз (уақыт көрсетілген жер)
Ол үшін сызғышты пайдаланып Ақ картонға 2 перпендикуляр сызық сызыңыз.

Қадам 5. Содан кейін ортасын белгілеп, транспортирды пайдаланып, әр 15 градус белгіні белгілеп, сызықтарды сызыңыз.

Қадам 6. Фломастер көмегімен сызықтарды анық болу үшін карандаш сызықтардың үстінен сызамыз Және қағаздың жоғарғы жағында 12 санын белгілеңіз ,
– қағаздың оң жағынан 1,2,3 санынан бастап өсу ретімен нөмірлейміз
– ал сол жағында 12,11,10 бастап кему бойынша нөмірлейміз…

Қадам 7. Қағаздың ортасына пластилиннің көмегімен гномонды орнату қажет (сағатқа арналған көлеңкелі жебе)

Қадам 8. Шамдарды өшіріп, перделерді жауып, смартфондағы шамды пайдаланып, күн сағатын тексеріңіз.
Смартфонның шамын-күн деп елестетіңіз

Үй жұмысы
1. Жасаған күн сағатын қай жерде орнату керектігін қарастырыңыз.
2. Егер сіз Астана қаласынан болсаңыз, онда нағыз күн сағаты орналасқан саябаққа отбасыңызбен немесе мұғаліммен бірге – сыныптастарыңызбен барыңыз. Немесе мұғаліммен бірге мектептің айналасына күн сағатын орналастырыңыз.
Қорытынды
Осылайша, бұл жобада оқушылар уақыт пен кеңістіктің қалай өлшенетінін игерді. Өздеріне арнап күн сағатын жасады және тестілеуден өткізді.

Бұл жобада әр оқушы санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз өзіңіз компас пен күн сағаттарының құрылымын зерттедіңіз және бағытын өлшедіңіз, сіз нағыз метролог ғалымсыз!
– Сіз күн сағатының моделін жасадыңыз. Құттықтаймыз, Сіз – жас инженер-технолог!
Бағалау

Рефлексия

