Сабақ

Қант кемпірқосағын қалай жасауға болады?

Мақсаты:

  • таза заттарды қоспалардан ажырата білуді үйрену.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз:
  • Оқушыларды бірнеше топтарға бөліңіз.
  • Жұмыс парағын сілтеме арқылы өтіп жүктеп алыңыз: Жұмыс парағы

Теориялық бөлім

Таза заттар мен қоспалар айналамыздағы барлық нәрсенің негізі болып табылады. Таза заттар — бұл материалдың тек бір түрінен тұратын заттар. Таза заттар деп қасиеттері мен құрамы бірдей заттарды айтамыз. Мысалы, бір кесе су алыңыз. Су — бұл таза зат, өйткені кеседе тек су және басқа ештеңе жоқ.

Қоспалар — біз бірнеше түрлі заттарды араластырған кезде пайда болады. Қоспаларда әр зат өзінің ерекшеліктерін сақтайды.

Бұл сарамандық жұмыста су және қант — таза зат. Ал тағамдық бояу — қоспаға жатады. Оларды араластыру арқылы жасаған ерітінділер де, соңғы нәтиже кемпірқосақ та қоспаға жатады. Қоспаларда әр зат өзінің ерекшеліктерін сақтайтынын тағамдық бояудың ерітіндіге түс беруінен, қанттың әр түске боялған ерітінділерге әртүрлі тығыздық беруінен, судың сұйық қалпын сақтап қалуынан көруге болады.

Практикалық бөлім

video
play-rounded-fill

Қадам 1.

Керекті құралдармен танысып шығыңыз. Резеңке қолғапты киіңіз.

Қадам 2.

4 дана стаканға өлшеуіш шыныаяқпен бірдей мөлшерде (шамамен 100-120 мл) су құйыңыз.

Қадам 3.

Стакандарға қант салып шығыңыз. Бірінші стаканға қант салмайсыз. Екінші стаканға 1 қасық, үшінші стаканға 2 қасық және төртінші стаканға 3 қасық қант салыңыз. Қантты суда араластыра отырып ерітіңіз. 

Қадам 4.

Әр стаканға төменде көрсетілген кесте бойынша бір-бір түстен тағамдық бояу қосып шығыңыз және араластырыңыз.

түсқасық
сары3
қызыл сары2
қызыл1
көк0

Қадам 5.

Бөтелкеге ең көп қант қосылған сары түсті етіріндіні тамшуыр арқылы құйыңыз.

Қадам 6. Дәл осылай бояу қосылған ерітінділерді құрамындағы қанттың мөлшеріне қарай бөтелкеге тамшуырмен құйып шығыңыз. Түстерді ең көп тығыздықтан (ең қанты көбінен) ең аз тығыздыққа (ең қанты аз) қарай орналастырыңыз: сары→қызыл сары→қызыл→көк. Солай кемпірқосақ дайын болады.

Қадам 7.

Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасаңыз:

  1. Жасаған сарамандық жұмыстың таза зат пен қоспаға қандай қатысы бар? Қалай ойлайсыз?
  2. Таза заттың қоспадан айырмашылығы неде?
  3. Адамдар күнделікті өмірде таза заттарды емес, қоспаны көп пайдаланады. Неліктен?
  4. Қатты және сұйық қоспаға мысал келтіріңіз.

Қорытынды

«Қант кемпірқосағы» сарамандық жұмысының барысында судағы қант ерітінділерінің мысалында таза заттар мен қоспалардың өзара әрекеттесуін зерттедіңіздер. Әр түрлі тығыздықтағы әртүрлі ерітінділер өзара әрекеттескенде, қабаттарға бөліну пайда болады, бұл бізге қанттан жасалған кемпірқосақ сияқты түрлі-түсті және қызықты құбылыстарды байқауға бірегей мүмкіндік береді. Бұл жұмыс таза заттардың ерекшеліктерін және олардың ерітінділердегі әрекеттесуін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.