Сабақ
Мақсаты:
- еріген заттың массалық үлесін есептеуді үйрену.
- заттарды өлшеп үйрену.
- берілген концентрациямен тұз қоспасын дайындау.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
- Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз:
- Оқушыларды бірнеше топтарға бөліңіз.
- Жұмыс парағын сілтеме арқылы өтіп жүктеп алыңыз: жұмыс парағы
Теориялық бөлім
Массалық үлес — ерітінді массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы. Массалық үлес арқылы ерітіндінің қаншалықты қойылтылғанын немесе сұйылтылғанын түсінуге мүмкіндік береді.
Заттың массалық үлесі — белгілі бір компоненттің (заттың) массасының ерітіндінің жалпы массасына қатынасы, пайызбен көрсетіледі. Бұл ерітіндідегі белгілі бір заттың концентрациясын немесе құрамын өлшеу үшін қолданылатын көрсеткіш.
Массалық үлесті есептеу формуласы келесідей:

мұндағы:
- Массалық үлес — ерітіндідегі белгілі бір компоненттің пайызы;
- Компоненттің массасы — сіз өлшегіңіз келетін және пайызбен көрсеткіңіз келетін заттың массасы;
- Ерітіндінің жалпы массасы — ерітіндідегі барлық компоненттердің жалпы массасы.
Практикалық бөлім
Қадам 1.
150 г 3%-дық ас тұзының ерітіндісін дайындау үшін қанша су мөлшерін және қанша ас тұзының массасын алу керектігін есептеңіз. Ол үшін массалық үлесін есептеу формуласын қолдану қажет.
Массалық үлес (%) = зат массасыерітінді массасы*100%,
мұндағы, зат массасы = ас тұзы массасы

Қадам 2.
Ас тұзы массасы мен су мөлшерін анықтап алғаннан кейін ерітінді дайындаңыз. Ол үшін 200 мл стақанға су құйып, электронды таразыға өлшеңіз. Су мөлшері 145,5 г болу керек.
Қадам 3.
Соусницаға ас тұзын салып таразымен өлшеп алыңыз. Тұз массасы 4,5 г болуы керек.
Қадам 4.
400 мл стаканға 145,5 гр суды құйыңыз және 4,5 гр тұзды салыңыз. Тұзды суға қасықпен араластыра отырып ерітіңіз, содан кейін ерітіндіні өлшеңіз. Ерітінді салмағы 150 г болу керек. 150 г 3%-дық ас тұзының ерітіндісін дайын.
Қадам 5.
Енді алынған ерітіндіге 150 г су қосыңыз. Ол үшін 200 мл стақанға су құйып, электронды таразыға өлшеңіз.
Қадам 6.
400 мл стакандағы 150 мл ерітіндіге өлшеп алынған 150 мл суды құйыңыз. Және электронды таразымен салмағын өлшеңіз.
Қадам 7.
Бұл жағдайда ерітіндінің концентрациясы қалай өзгеретінін есептеңіз (еріген заттардың массалық үлесі).

Қадам 8.
Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңыз:
- Ерітіндідегі еріген заттардың массалық үлесі нені көрсетеді?
- Заттардың массалық үлесі қандай бірлікте өлшенеді?
- Берілген концентрациямен ерітінді дайындау ісімен сіз күнделікті қай жерде кездесесіз?
- Неге емдік препарат ерітінділерінде заттардың арақатынасы қатаң сақталуы тиіс? Қалай ойлайсыз?
Қорытынды
Бұл сарамандық жұмыс оқушыларға қарапайым және қол жетімді әдісті қолданды. Оқушылар ас үй таразысы арқылы тұздың массасын өлшеу, содан кейін оны суда ерітті. Содан кейін, арнайы формуланы қолдана отырып, еріген заттың массалық үлесін анықтады. Нәтижелер химиялық зерттеулерде концентрациялық көрсеткіштердің практикалық қолданылуын тереңірек түсінуге көмектесті.
