4 апта

Бұл аптада алдыңғы апталарда жасаған жұмыстарыңызды еске түсіре отырып, өз сабақ кестелеріңізді алдыңғы аптада құрған кестеге толтырасыздар.

Сабақ кестесін толтыру

Бұл зертханалық жұмыста өз сабақ кестелеріңізді алдыңғы аптадағы Зертханалық жұмыс №2-дегі сияқты етіп өздеріңіз толтырасыздар. 

<tr bgcolor="#ffffff">
 	<td>1</td>
 	<td>бірінші сабақ басталатын уақыт <br/>бірінші сабақ аяқталатын уақыт </td>
 	<td>Дүйсенбі күнгі бірінші сабақ </td>
 	<td>Сейсенбі күнгі бірінші сабақ  </td>
 	<td>Сәрсенбі күнгі бірінші сабақ  </td>
 	<td>Бейсенбі күнгі бірінші сабақ  </td>
 	<td>Жұма күнгі бірінші сабақ  </td>
	</tr>

Зертханалық жұмыс №2-де байқағандарыңыздай код осындай бірнеше бөліктерден тұрады. <td>1</td> – деп басталатын бөлігі әрбір күннің бірінші сабағын білдірсе, <td>2</td> – деп басталатын бөлігі әрбір күннің екінші сабағын білдіреді және сол сияқты сабақтар тізімі жалғасады. Сіздерде аптаның ішінде ең көп сабақ санына қарай жоғарыда көрсетілгендей бөліктер жасайсыздар. Егер 6 сабақ болса Зертханалық жұмыс №1-дегі кодта өз сабақ кестелеріңізді толтыра бересіздер, ал егер 5 сабақ болса, бір бөлік алып тастайсыздар және сол сияқты 7 сабақ болса тағы бір бөлік қосасыздар. 

Маңызды! Бөліктер жол бойынша толтырылады, баған бойынша емес. Сондықтан сабақ кестесін толтырғанда мұқият болыңыздар.

Жобаларды таныстыру (презентация)

Жобаны жасап біткеннен кейін оқушылар өздерінің дайын сабақ кестесін таныстыруы керек.

Қорытынды

HTML веб-беттерді құруда негізгі тіл болып табылады. Сіздер 4 апта ішінде HTML тілімен және оның құрылымымен таныстыңыздар. Мәтіннің қаріпін, түсін өзгертуге арналған зертханалық жұмыстар жасадыңыздар. Аздап код жазып үйрендіңіздер және өз сабақ кестелеріңізді веб-бетте жазып, шығардыңыздар. 

Бағалау

PBL бойынша бағалау критерийлері:

Problem based learning (проблемалық-бағдарлы оқыту) — бұл оқушылардың шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе қоңырауға жауап іздеу және іздеу үшін 3 немесе 4 апта ішінде бір жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі (әрі қарай PBL Rubrics сілтемесіне өтіңіз).

Рефлексия