Сабақ
Жұмыстың мақсаты:
- рефлекторлық доға механизмін зерттеу және түсіну
- адам ағзасында кездесетін рефлекстерге бақылау жүргізу
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін студенттер:
- Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
- алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
- өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Тапсырма жұппен орындалады
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:
Теориялық бөлім
Рефлекстер – сыртқы немесе ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштерге ағзаның автоматты реакциясы. Бұл реакциялар саналы қатысуды қажет етпейді және организмнің қорғаныс механизмі болып табылады. Мысалы, түшкіру, көз жыпылықтату, көздің қарашығының ұлғаюы немесе кішірею және т.б. яғни ауырсынуға, жарыққа, ыстыққа және басқа ынталандыруға қарсы ағза жауабы.

Рефлекторлық доға – бұл ақпарат рецепторлардан (сезім мүшелерінен) орталық жүйке жүйесіне (жұлынға немесе миға), содан кейін эффекторларға (бұлшықеттер немесе бездер) жауап беру үшін берілетін жол. Бұл ағзаның түрткілерге тез және автоматты түрде жауап беруіне мүмкіндік береді. Рефлекторлық доғада афференттік нейрондар (орталық жүйке жүйесіне ақпарат беру) және эфферентті нейрондар (орталық жүйке жүйесінен ақпаратты эффекторларға жеткізу) маңызды рөл атқарады.
Практикалық бөлім
Саусақтың бүгілу рефлексі
1-қадам: Қолыңызды босаңсытыңыз. Кез келген затты алақаныңызға қойыңыз. Алақаныңызға затты қойған сәтте қолдың бицепс бұлшықеті жиырылады және бұл әрекет нысанды ұстау үшін саусақтарыңызды еріксіз бүгеді.

Гоффман рефлексі
2-қадам. Серіктесіңіздің ортаңғы саусағының ұшын сәл басыңыз. Бұған жауап ретінде қолдың бас және сұқ саусағының бүгілуі байқалатын болады.

Қарашық рефлексі
3-қадам. Қараңғы бөлмеде серіктесіңіздің көзінің бүйіріне шамамен 15-20 см қашықтықта фонарь жарығын түсіріңіз. Көз қарашығының реакциясын бақылаңыз. Қарашықтың көлемі жарық түскенде қатты тарылады, ал жарықты өшіргенде қайта қалпына келетінін байқауға болады.

Жылдам жауап рефлексі
4-қадам. Дененің реакция жылдамдығын тексерейік. Ол үшін сызғышты пайдаланыңыз. Серіктесіңізден қолын көтеріп, сызғышты ұстауға дайындалып тұруын сұраңыз. Кенеттен сызғышты төмен бағытпен тастап жіберіңіз. Олар сызғышты ұстаған деңгейді (сантиметрмен) жазыңыз. Тәжірибені бірнеше рет қайталаңыз және орта мәнін есептеңіз. Төмендегі кесте* арқылы қашықтықты реакция жылдамдығына айналдырыңыз.

*Бұл қашықтықты реакция жылдамдығына түрлендіруге арналған кесте. Мысалы, егер сіздің серіктесіңіз сызғышты 15 сантиметрлік белгіде ұстап алса, реакция уақыты 0,17 секунд (170 мс) болады. 1 секундта 1000 миллисекунд (мс) бар екенін есте сақтаңыз.
| Қашықтық | Реакция жылдамдығы |
| ~5 см | 0.10 с (100 мс) |
| ~10 см | 0.14 с (140 мс) |
| ~15 см | 0.17 с (170 мс) |
| ~20 см | 0.20 с (200 мс) |
| ~25.5 см | 0.23 с (230 мс) |
| ~30.5 см | 0.25 с (250 мс) |
| ~43 см | 0.30 с (300 мс) |
5-қадам. Алынған мәліметтерді Жұмыс парағында берілген кестеге енгізіп, қорытынды жасаңыз.
Қорытынды
Бұл зертханалық жұмыс оқушыларға жүйке рефлекстерінің анатомиясы мен физиологиясын және олардың ағзаның қалыпты жұмыс істеуі үшін маңыздылығын жақсы түсінуге көмектесті. Сонымен қатар, ағзаның сыртқы тітіркендіргіштерге жылдам және автоматты реакциясын қамтамасыз етуде жүйке рефлекстерінің рөлін анықтады.
