Сабақ
Жұмыстың мақсаты:
- қол бұлшықеттерінің жұмысын жақсы түсінуге көмектесетін оқу-танымдық модель құрастыру
- қол қозғалысының биомеханикасын зерттеу, соның ішінде бүгу және жазу сияқты қозғалыс түрлерін талдау
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін студенттер:
- Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
- алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
- өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Тапсырма 3 адамнан тұратын топтарда орындалады
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:
Теориялық бөлім
Бицепс(екібасты) және трицепс(үшбасты) — бұл антагонист бұлшықеттер. Олар бір-біріне қарама-қарсы әрекет етеді. Бицепс жиырылған уақытта, трицепс жазылады және керісінше. Бұл бұлшықеттер жұбы шынтақ буыныңызды бүгіп-жазады, және сол арқылы сізге қасықпен тамақ ішуге немесе ойын кезінде допты лақтыруға мүмкіндік береді.
Практикалық бөлім
1-қадам: Қажетті материалдарды дайындаңыз!
2-қадам: Қол бөлімдерінің кескінін басып шығарыңыз. Кескіндерді мына сілтеме арқылы басып шығара аласыз. Бөліктерді қайшымен кесіңіз.


3-қадам: Бицепс пен трицепс бөліктерін шетке ысырып, қалған бөліктердің кескінін картонға сызыңыз және саңылауларды кеңсе кнопкасының көмегімен белгілеп алыңыз.


4-қадам . Картонды кесіңіз.


5-қадам: Екі жақты таспаны пайдаланып, бицепс пен трицепс бөліктерін қолдың ортаңғы бөліміне жабыстырыңыз.


6-қадам. Содан кейін белгіленген саңылаулардың әрқайсысын түйіндердің көмегімен кеңейтіңіз.


7-қадам. Суретте көрсетілгендей түйіндерді пайдаланып, шөрнектерді (катушка) қолдың ортаңғы және иық бөліміне (әрқайсысына екеуден) бекітіңіз.


8-қадам. Тағы бір түйінмен бицепс және иық бөлімдерін суретте көрсетілгендей байланыстырыңыз.


9-қадам. Ұзындығы шамамен 45 см жіптің екі бөлігін дайындаңыз. Әрбір жіптің бір ұшына ілмек жасап, түйінге байлаңыз. Суретте көрсетілгендей қолдың шынтақ бөліміне екі түйінді бекітіңіз.


10-қадам. Шынтақ және бицепс бөлімін қосыңыз.


11-қадам: Кнопкаларды пайдаланып, иық бөлімінің үстіңгі және астыңғы жағына бірнеше тесік жасаңыз. Содан кейін сыдырмаларды тесіктерден өткізіңіз.


21-қадам: Сыдырмалар арқылы картонды қолды бөтелкеге бекітіңіз. Бөтелкені орта мөлшерде сумен толтыруыңызға болады.


13-қадам: Жіптерді шөрнектерге келесідей бағытта ораңыз: жоғарғы жіп үшін сағат тілімен (бицепс) және төменгі жіп үшін сағат тіліне қарсы бағытта (трицепс). Сіздің моделіңіз дайын!


14-қадам. Қолды жоғары көтеріп, бицепс бұлшықетін жиыру үшін жоғарғы жіпті тартыңыз. Қолды төмен түсіру және трицепс бұлшықетін жиыру үшін төменгі жіпті тартыңыз.

Жұмысты қорытындылау мақсатында төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз:
- Қол қозғалысына қандай бұлшықеттер жауап береді?
- Қолдың қозғалыс механизмін жасау барысында не түсіндіңіз?
Қорытынды
Қорытындылай келе, бұл жұмыс оқушыларға қол қозғалысы кезінде қолдың екібасты және үшбасты бұлшықеттерінің механизмін зерттеудің практикалық және қызықты әдісін берді. Практикалық тәжірибелер арқылы олар бұл бұлшықеттердің қолды бүгу және жазу үшін антагонистік жұптар ретінде қалай бірге жұмыс істейтінін жақсы түсінді.
