Сабақ

Жұмыс мақсаты:

  • Өсімдік тіршілігіндегі рөлін және қоршаған ортаға әсерін түсіну үшін өсімдік бөлінділерінің ерекшеліктерін зерттеп бағалау.

Күтілетін нәтижелер

Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:

  • Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыру
  • алынған ақпаратты талдау және қорытындылау
  • өз бетінше логикалық қорытынды жасау және қорытынды жасау

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3-4 оқушыдан болатындай етіп бөліңіз.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтемені басып қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз: қауіпсіздік ережелері
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтемеге өтіңіз:

Теориялық бөлім

Өсімдіктер тіршілік ету барысында қоршаған ортаға көптеген органикалық және минералды заттар бөліп шығарады. Солардың бірі — жапырақ арқылы суды буландыру. Бұл процесс транспирация деп аталады. 

Практикалық бөлім

Тәжірибе арқылы өсімдіктердің қоршаған ортаға суды қалай бөліп шығаратынын бақылайық. Қажет материалдарды дайындап алыңыз.

1-қадам. Алдымен картонның орта бөлімінен диаметрі 1-2 см саңылау жасаңыз.

2-қадам. Картон сабақтың жапырақ бөлімін тамыр жүйесінен бөліп тұратындай етіп, сабақты саңылау арқылы өткізіңіз. 

3-қадам. Сабақты бекіту үшін айналасына ермексаз жапсырыңыз.

4-қадам.  Енді екі стақанды алып, олардың бүйіріне вазелин майын жағыңыз.

5-қадам. Бір стақанды сумен толтырып, өркенді суға салыңыз.

6-қадам. Екінші стақанмен өсімдіктің үстіңгі бөлімін жабыңыз. Екі стақанға да ауа кірмеуі қажет.

7-қадам. Дәл осы күйде күн сәулесі бар жерге немесе үстел шамы астына 30-60 минутқа қойып бақылаңыз.

Уақыт өткен соң бақыланған өзгерістерді жұмыс парағына жазыңыз. Жұмысты қорытындылаңыз.

Қорытынды

Бұл зертханалық жұмысты орындау барысында оқушылар өсімдіктердегі судың булану процесін және олардың қоршаған ортаға әсерін зерттеді. Тәжірибе оқушыларға өсімдік тіршілігіндегі транспирация рөлін және олардың тіршілігін сақтаудағы маңызын жақсы түсінуге мүмкіндік берді. Бұл бақылаулар өсімдіктердегі физиологиялық процестерді және олардың қоршаған ортаға әсерін тереңірек түсіну үшін пайдалы болуы мүмкін.