Сабақ
Жұмыстың мақсаты:
- Ағаш сақиналарының құрылымын және олардың маңыздылығын зерттеу
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін студенттер:
- Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
- алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
- өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Тапсырма 2 адамнан тұратын топтарда орындалады
- Кеңсе пышағымен жұмыс істеу аса сақтықты талап етеді
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, сілтеме бойынша қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:
Теориялық бөлім
Ағаштың жылдық сақиналары-бұл жылдың әр мезгілінде біркелкі емес өсуі нәтижесінде пайда болатын сақиналар. Ағаш сақиналарының ені ағаштың өсу жағдайларына байланысты.
Ағаштың жасы: ағаш сақиналарының санынан ағаштың жасын анықтауға болады.


Ағаштың денсаулығы: жуан ағаш сақиналары- сау ағаштың белгісі, ал жіңішке-стресске ұшырағандығының белгісі.
Қоршаған орта: жіңішке өсу сақиналары құрғақшылық, қара дақтардың болуы — өрт сияқты қолайсыз жағдайлар орын алғанын көрсетуі мүмкін.
Практикалық бөлім
Ағаш сақиналары пазлын жасау үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1-қадам. Жоғарыда көрсетілген суретке сүйене отырып,картонға ағаш діңі қабаттарының контурын салыңыз: сыртқы қабық,камбий,сүрек.


2-қадам. Содан кейін ішкі қабаттарды сызыңыз: ядро мен өзек.


3-қадам. Дайын шеңберлер үстіне фломастермен контур салып шығыңыз.


4-қадам. Қабаттарды әртүрлі түстермен бояуыңызға болады.


5-қадам. Ағаштың жылдық сақиналарын салу үшін алдымен оның жасын анықтаңыз. Содан кейін ағаш қанша жаста болса, сонша сақина бейнелеңіз.


6-қадам. Сондай-ақ, жаңбырлы маусым, орман өрті және өзек сәулелері сияқты ағаш қабаттарындағы қосымша элементтерді бейнелеуге болады, бұл сіздің «ағашыңыздың» тіршілігіндегі оқиғалар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді.


7-қадам. Контурларды кесіңіз. Кеңсе пышағымен жұмыс істегенде абай болыңыз!


8-қадам. Дің қабаттарының атауын көрсетіңіз.Сіздің пазлыңыз дайын!

Қорытынды
Жұмыс нәтижесінде оқушылар ағаш сақиналарының құрылымы туралы білім алды. Олар сондай-ақ пазл жасауды үйренді, бұл олардың шығармашылығы мен ұсақ моторикасын дамытуға көмектеседі.
