Сабақ
Су сүзгісін жасау
Мақсаты:
- Қоспалардың түрін сипаттау және оларды бөлудің тәсілдерін үйрену;
- Таза емес суды сүзгіден өткізу арқылы тазартып үйрену.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
- Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз:
- Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатын етіп бөліңіз.
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз: жұмыс парағы
Теориялық бөлім
Қоспаларды бөлу — аралас заттарды олардың құрамдас бөліктеріне бөлу процесі. Химияда, биологияда, физикада және басқа ғылымдарда, сондай-ақ өнеркәсіпте қолданылатын қоспаларды бөлудің көптеген әдістері бар. Қоспаларды бөлудің бірнеше негізгі әдістері:тұндыру, елеу, сүзу, буландыру, магнит әрекетімен бөлу.
Бұл сарамандық жұмыста қоспаларды бөлудің сүзу әдісіне негізделген су сүзгісін жасау ұсынылады.
Сүзу – қоспаны сүзгіш арқылы өткізген кезде компоненттерінің бір бөлшегін ұстап қалатын қоспаны бөлу тәсілі. Осылайша, бір компонент суда еритін, ал екіншісі ерімейтін қоспаны бөлуге болады.
Осы анықтамаға сүйене отырып, лас суды сүзгі арқылы тазартуға
болады. Дәке судың құрамындағы ірі қоқыстарды ұстап қалады. Белсенді көмір судағы улы заттарды жақсы сіңіреді, ауыр металдардың әсерлі сериясын сіңіреді, зиянды микроорганизмдермен күреседі.
Практикалық бөлім
Қадам 1.
Қажетті материалдармен танысып шығыңыз.

Қадам 2.
Бөтелкенің астыңғы жағынан 1-2 см биіктікте қиып алып тастаңыз.


Қадам 3.
Дәкенің ені 10 см болатындай ұзын етіп кесіп алыңыз. Ортасына кішкене мақта салып ораңыз.




Қадам 4.
Дәкеге оралған мақтаны бөтелкенің бас жағына орналастырыңыз.

Қадам 5.
Сүзгінің екінші қабатын жасау үшін ені шамамен 15 см болатындай ұзын дәкенің үстіне мақта қойып, үстіне шамамен 3 қасықтай ұнтақталған белсенді көмір салыңыз. Үстін қайтадан мақтамен жауып, дәкемен толықтай ораңыз және бөтелкеге орналастырыңыз. Бұл қабатта белсенді көмір судағы улы заттарды жақсы сіңіреді, ауыр металдардың әсерлі сериясын сіңіреді, зиянды микроорганизмдермен күреседі.




Қадам 6.
Тағы да дәкеге мақтаны орап, бөтелкеге орналастырыңыз. Бұл қабат суды сүзгіден өткізудің бірінші сүзгі қабаты болып табылады. Ең ірі қоқыстарды ұстап қалады.




Қадам 7.
Енді оларды нығыздап басып, тығыз орналасқанына көз жеткізіңіз.

Қадам 8.
Суға топырақ не құм салып, араластырыңыз.

Қадам 9.
Бөтелкенің бас жағын стаканға кигізіп орналастырыңыз.

Қадам 10.
Бөтелкенің астыңғы жағынан лас суды құйыңыз және процесті бақылаңыз.




Қадам 11.
Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасаңыз:
- Қандай түрдегі қоспаға тәжірибе жүргіздіңіздер?
- Қоспа компоненттерінің қандай қасиеттері таңдалған бөлу әдісін қолдануға мүмкіндік берді?
- Бөлудің басқа да әдістерін білесің? Оларға мысал келтір.
- Қандай тәжірибелік машықтарды игердің?
Қорытынды
Бұл сарамандық жұмыста оқушылар қоспаны бөлу тақырыбына негізделген су сүзгісін қолдан жасап үйренді. Бұл су сүзгісінің жасалу жолы өте қарапайым болғанмен, лас суды тазартып, ішуге жарамды су береді. Ал суды тазарту қазіргі өмірдің қажетті әрекеті болып табылады, өйткені адам өмірінің әртүрлі факторларының табиғатқа әсері оның сапасы мен тазалығына айтарлықтай әсер етті.
