Сабақ

Үйдің планын қалай түсіру керек?

Мақсаты:

  • Үйдің өлшемдерін алып үйрету;
  • Масштаб бойынша аумақты кішірейтіп үйрету.
  • Планды жасау ережелеріне сәйкес өз үйінің планын жасауды үйрету.         

Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз: 
  • Тақырыпқа арналған нұсқаулық:

Оқушыларға сарамандық жұмысты жасардан 1 сабақ бұрын өз үйлерінің өлшемдерін алып келуді сұраңыз. Оқушы үйінің жалпы ұзындығы мен енін, әрбір бөлменің ұзындықтары мен ендерін өлшеу таспасы арқылы өлшеп, нәтижелерін сарамандық жұмыс дәптеріне жазып келу керек. 

Мысал ретінде 2 бөлмелі үйдің өлшемдері берілген:

  • қонақ бөлмесінің ұзындығы – 6 метр, ені – 5,5 метр;
  • жатын бөлме өлшемі: ұзындығы – 6 метр, ені – 3,5 метр;
  • ас бөлмесі өлшемі: ұзындығы – 5 метр, ені – 4 метр;
  • жуынатын бөлме өлшемі: ұзындығы – 3,25 метр, ені – 2,8 метр;
  • киім ауыстыратын бөлме өлшемі: ұзындығы – 2,8 метр, ені – 1,75 метр;
  • дәліз өлшемі: ұзындығы – 5 метр, ені – 2,2 метр. 

4. Жұмыс парағына арналған сілтеме: жұмыс парағы

Теориялық бөлім

video
play-rounded-fill

Мөлшеріне жəне орындалатын пішіміне байланысты сызылатын сызбаны үлкейтіп немесе кішірейтіп сызуға болады. Ол үшін стандарттардағы сызбаларды орындаудың жалпы ережелері тобының екінші түрі «Масштабтарды» қолданамыз.

Нəрсенің сызбада сызылған өлшемі мен оның нақты қолданыстағы өлшеміне қатынасын масштаб дейді. Масштабтар стандарттардың белгіленуіне жəне қолданылуына байланысты үлкейтілген, кішірейтілген жəне нақты болып үшке бөлінеді. Сызбада масштаб сөзі жазылмайды, оның орнына масштаб сөзінің бас əрпі  М ғана жазылады.

Мемлекеттік стандарт бойынша белгіленген масштаб түрлері:

– кішірейту масштабы:

М. 1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:200;

1:400; 1:500; 1:800; 1:1000;

– үлкейту масштабтары:

М. 2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1;

– нақты масштаб: М 1:1 қолданылады.

Бұл масштабтар барлық өндірістер мен құрылыс сызбаларын дайындағанда міндетті түрде қолданылады. Кей жағдайларда ірі өндірістерді жобалау кезінде мынандай масштабтар қолдануға болады: М 1:2000; 1:5000; 1:10000; 1:25000; 1:50000.

Үйдің архитектуралық жоспары құрылыс жобасының бөлігі болып табылады. Бөлмелердің, өткелдердің, баспалдақтардың орналасуының еден жоспарларынан басқа, коммуникациялардың сызбалары да жасалады. Төртбұрышты немесе тікбұрышты бөлме үшін алдымен бөлменің ұзындығын, содан кейін комнаты өлшеу керек. Содан кейін ұзындығы мен енін көбейту керек. Ұзындығы x ені = ауданы.

Практикалық бөлім

Қадам 1.

Сіз үйіңіздің өлшемін метр түрінде өлшеп әкелдіңіз. Бірақ оны қағазға түсіру мүмкін емес, сондықтан өлшемді кішірейту керек. Ол үшін үйдің өлшемдерін планға дұрыс түсіруге масштабты қолданыңыз. Масштаб аумақ қашықтығын картаға түсіргенде неше есе кішірейтілгенін көрсетеді. 

Мысалы, 1 метрді сантиметрге аударсақ – 100 см. Қашықтықты қағаз бетінде 100 есе кішірейту керек. Демек, біздің масштаб 1:100, 1 метрді 1 см деп бейнелеу. 

Әр оқушы өз үйлеріндегі бөлме өлшемдерін жазып әкелгеннен кейін, өлшемдерді латын әріптерімен белгілеп, масштаб бойынша метр өлшемдерін сантиметрге айналдырыңыз. 1 м = 1 см деп есептеңіз.

Бұл жобада 2 бөлмелі үйдің мысалы келтірілді және сол бойынша өлшемдер алынып, үйдің планы жасалатын болады. 

  • қонақ бөлме: 

а = 6 м = 6 см, b = 5,5 м = 5,5 см;

  • жатын бөлме: 

c = 6 м = 6 см , d = 3,5 м = 3,5 см;

  • ас бөлме:

e = 5 м = 5 см, f = 4 м = 4 см;

  • жуынатын бөлме:

g = 3,25 м = 3,25 см, h = 2,8 м = 2,8 см;

  • киім ауыстыратын бөлме:

i = 2,8 м = 2,8 см, j = 1,75 м = 1,75 см;

  • дәліз: 

k = 5 м = 5 см, e = 2,2 м = 2,2 см. 

Қадам 2.

Өз үйіңіздің планын сызуды бастаңыз. Параққа үйіңізді жобалап бөлмелердің орналасқаны бойынша ешқандай өлшемсіз планын салыңыз. Планға бөлмелердің есіктері мен терезелерін де салуды ұмытпаңыз. Енді осы пландағы бейнеленген әрбір бөлмеге ұзыныдығы мен енін жазып шығыңыз. Сосын үйіңіздің жалпы өлшемін: ұзындығы мен енін есептеңіз. 

Суретте көрсетілген мысал бойынша:

ұзындығы: 6 см +5 см = 6 см +2,2 см +2,8 см = 11 см;

ені: 5,5 см + 3,5 см = 4 см + 3,25 см + 1,75 см = 9 см.

Қадам 3. 

Осы жобалап салынған планға қарап, бөлмелеріңіздің нақты өлшемдері бойынша планын салыңыз. Бірінші үйдің жалпы сыртқы бөлігін салып алғаныңыз дұрыс, ол үшін үйдің жалпы ұзындығы мен енінің мәндерін қолданасыз. Кейін үй ішіндегі бөлмелерді өлшемдеріне сәйкес салып шығыңыз. 

Қадам 4.

Есіктер мен терезелер орналасқан жерлерді арнайы белгілерімен белгілеңіз және оларды сызу барысында олардың үйіңізде қалай орналасқанын ескеріңіз.

Қадам 5. 

Егер қаласаңыз, үйіңіздің ішіндегі жиһаздар мен техникаларды орналасуына қарай планға түсіріңіз. 

Қадам 6.

Үйдің планын сызып болғаннан кейін өз үйлерініңіздің жалпы ауданын және әрбір бөлменің ауданын есептеңіз.

  • Үйдің ауданы = үйдің ұзындығы * үйдің ені
  • Бөлменің ауданы = бөлменің ұзындығы * бөлменің ені
  • S1 = үйдің ауданы =x*y=11-9=99
  • S2 = қонақ бөлменің ауданы = a*b =6*5.5=33
  • S3 = жатын бөлменің ауданы =c*d=6*3.5=21
  • S4 = ас бөлменің ауданы  =e*f=5*4=20
  • S5 = жуынатын бөлменің ауданы =g*h=3.25*2.8=9.1
  • S6 = киім ауыстыратын бөлменің ауданы =i*j=2.8*1.75=4.9
  • S7 = дәліздің ауданы =k*e=5*2.2=11

Қадам 7. 

Төменде келтірілген сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңыздар:

  • Үйдің өлшемін қалай алу керек? 
  • Масштаб деген не? 
  • Үйдің планын сызу кезінде нені біліп, ескеру керек?
  • Үйдің ауданын қалай есептеу керек?
  • Өзіңіз жасаған үйдің планы мен үйіңіздің нақты бейнесінің арасында айырмашылық барма? Қаншалықты ұқсады?

Қорытынды

Бұл сарамандық жұмысты жасау арқылы оқушылар үйдің өлшемін алуды, оны масштаб бойынша кішірейтіп, планға түсіруды үйренді. Сонымен қатар үйдің ауданын есептеу арқылы математикалық білімдерін де шыңдай түсті. Үйдің планын сызу арқылы жалпы картаны сызудың қиыншылықтары мен қызықтарына, өлшем алуда дәлдіктің аса маңызды екеніне қанық болды. Бұл білім арқылы болашақта картаны түсіну де оқушылар үшін оңай болады.