Сабақ

Заттардың агрегаттық күйлері

Мақсаты:

  • Бөлшектер теориясы бойынша заттардың қатты, сұйықтық және газды құрылымын түсіндіруді үйрену.

Мұғалімге арналған нұсқаулық

  • Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз: 

Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатын етіп бөліңіз.

  1. Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз: жұмыс парағы
video
play-rounded-fill

Практикалық бөлім

video
play-rounded-fill

Тәжірибе 1.

Мұзды қандай зат тез ерітеді?

4 дана мұз кесегін әртүрлі заттармен ерітіп көресіздер: ыстық су, тұз және ерітінді. Тәжірибе соңында қай зат мұзды жақсырақ ерітетінін анықтайтын боласыздар.

Қадам 1.

Керекті құралдармен танысып шығыңыз: 4 дана мұз кесегі, тұз, ыстық су, спирт, бөлме температурасындағы су және ыдыс жууға арналған сұйықтық.

Қадам 2.

Ерітінді дайындаңыз: ол үшін 100 мл бөлме температурасындағы суға жарты шай қасық спирт және 1-2 тамшы ыдыс жууға арналған ерітіндіні қосып араластырыңыз.

Қадам 3.

4 дана пластик стаканның әрқайсысына 1 данадан мұз кесегін салып шығыңыз.

Қадам 4. 

Бірінші стаканға шамамен 100 мл ыстық су құйыңыз.

Қадам 5.

Екінші стаканға 1 шай қасық тұз салыңыз.

Қадам 6.

Үшінші стаканға дайындаған ерітіндіні құйыңыз. Ал  төртінші стаканда мұз кесегінің өзі ғана болсын.

Қадам 7.

Процесті бақылаңыз: 1 мин кейін, 5 мин кейін және 10 мин кейін. Қай стакандағы мұз тезірек еруде? 

Қадам 8. 

Мұздың еру процесіндегі өзгерістерді кестеге толтырыңыз:

1 мин5 мин10 мин
Ыстық су
Тұз
Ертінді

Қадам 9.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңыз:

  1. Бұл процесс заттың агрегаттық күйлерінің өзгерісінің қай түріне жатады?
  2. Мұз қай заттың әсерінен тезірек еріді?
  3. Қай стакандағы мұздың еруі басқаларға қарағанда ең баяу еріді?
  4. Осы тәжірибені өмірлеріңізде қалай қолданысқа енгізе аласыздар?

Тәжірибе 2.

Ыстық және салқын судағы молекуларлың қозғалысы

Бұл тәжірибеде ыстық суда шайдың неге тез қызыл түске енетінін, ал неге салқын суда шайдың түсінің шығуы өте баяу жүретінін зерттейтін боласыздар.

Қадам 1.

Керекті құралдармен танысып шығыңыз: екі дана пакеттегі шай, 1 стакан ыстық су және 1 стакан салқын су.

Қадам 2. 

Стакандарғы суларға 1 данадан шай пакеттерін салыңыз.

Қадам 3.

Процесті бақылаңыз. Қай стаканда шай тезірек шығуда?

Қадам 4.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңыз:

  1. Қай стакандағы суда шай жақсырақ шықты?
  2. Неге ыстық суда шайдың шығуы тезірек болды деп ойлайсыздар?
  3. Үш түрлі агрегаттық күйде молекуларлардың қозғалыстары қалай болады?

Тәжірибе 3.

Бөтелкеде бұлт жасау

Бұл тәжірибені жасау арқылы бұлттардың қалай пайда болатынына куә боласыздар. Бөтелкені сығу барысында бөтелке ішінде қысым төмендеп, су буы газ күйден сұйық күйге ауысып, спирт молекулаларымен әрекеттесіп бұлт түсетін болады. Және газ күйден сұйық күйге өту – конденсация процесін зерттейсіздер. 

Қадам 1.

Керекті құралдармен танысып шығыңыздар: бөтелке (жұмсақ, майысқақ болуы маңызды) және спирт.

Қадам 2.

Бөтелкеге шамамен 10 мл спирт құйыңыз.

Қадам 3.

Бөтелкенің қақпағын жауып, спиртті бөтелкенің ішінде бөтелкенің барлық жеріне спирт жанасып өтетіндей айналдырыңыз.

Қадам 4.

Бөтелкенің орта белінен қысып, айналдырыңыз.

Қадам 5.

Бөтелкені қатты айналдырып болғаннан кейін дереу жіберіп қалыңыз. Бөтелкеде қандай өзгеріс пайда болды?

Қадам 6.

Бөтелкенің қақпағын ашып, оны кішкенеден қысу арқылы бөтелкенің аузынан бұлт бөлшектерінің сыртқа шығып жатқанын байқай аласыз. 

Қадам 7.

Процесті бірнеше рет бөтелкенің қақпағын жауып, қысып жіберіп қалу арқылы қайталай аласыз.

Қадам 8.

Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, қорытынды жасаңыз:

1. Конденсация дегеніміз не?

2. Бұлт қалай түзіледі?

3. Конденсация процесіне мысалдар келтіріңіздер.

Қорытынды

Бұл сарамандық жұмысты жасау арқылы оқушылар заттардың агрегаттық күйлерімен танысып, олардың бір күйден екінші күйге өту процестеріне арналған тәжірибелер жасады. Сонымен қатар сұйық күйдегі молекулардың қозғалысына арналған тәжірибе жасау арқылы оның әр күйде әртүрлі қозғалыста болатыныны не болмайтыныны туралы түсінік қалыптасты. Бүгін қалыптасқан білімі болашақта жоғары сыныптарда физика, химия сияқты пәндерде ақпараттың негізі болып, одан әрі білімін жетілдіруге көмек болады.