Сабақ
Заттардың физикалық және химиялық қасиеттері
Мақсаты:
- Заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін талдауды үйрету;
- Әртүрлі заттардың қасиеттерін біле отырып, өмірде қолдануға үйрету.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
- Сарамандық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережесімен танысыңыз:
- Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатын етіп бөліңіз.
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз: жұмыс парағы
Теориялық бөлім
Заттардың химиялық және физикалық қасиеттері болады.
Физикалық қасиет – бұл заттардың табиғаты өзгермейді, яғни, бақылаудан кейін ол өзгеріссіз қалады. Тек агрегаттық күйі мен пішіні өзгереді және жаңа зат пайда болмайды.
Химиялық қасиетде бір зат екінші затқа өзгереді, жаңа зат пайда болады. Химиялық қасиеттер химиялық реакцияда байқалады.
Заттардың қасиеттері – заттардың бір – бірінен ерекшеленетін белгілері:
- Қаттылық – материалдың деформацияға ұшырамайтын қасиеті.
- Аққыштық – заттардың пішінін оңай өзгерту қасиеті.
- Иілгіштік – соққы кезінде оның пішінін өзгерту мүмкіндігі.
- Тығыздық – дене салмағының осы дене алатын көлемге қатынасы.
- Жылтырлық – беттің оған түсетін жарықты қатты көрсететін қасиеті. Түссіз – түсі жоқ (түсі). Мысалы, су, шыны және ауа түссіз.
- Жылу өткізгіштік заттың жылуды дененің қыздырылған жерлерінен аз қыздырылғанға беру қасиеті.
- Электр өткізгіштік – заттардың электр тогын өткізу қасиеті.
- Ерігіштік – заттардың суда еру қабілеті.
Практикалық бөлім
Қадам 1.
Пластик стакандарға шекер (№1), тұз (№2) және ас содасын (№3) салыңыздар және стакандарды маркермен номерлеңіздер.

Қадам 2.
Заттың физикалық көрінісін зерттеңіз: шекер, тұз, ас содасы.
Затқа қараңыз. Оның сыртқы түсі, құрылымы (кристал не ұнтақ), иісі туралы бақылауларыңызды жазыңыз (оларды қолмен ұстай аласыз – бұл қауіпсіз).
Қадам 3.
Суда еріту:
3 дана пластик стакандарды 1–ден 3-ке дейін номерлеп, бірдей мөлшерде су құйыңыз (шамамен 100 мл). Номеріне сәйкес бірінші стаканға шекер,екіншіне тұз және үшіншіге ас содасын жарты қасықтан салыңыз. Еріту үшін қасықты пайдаланып затты араластырыңыз. Бұл тәжірибеде қай заттың тез еритінін көру үшін секундомер қолданып есептеңіз.

Қадам 4.
Сірке суымен әрекеттесуі: Бұл тәжірибеде сірке суымен жұмыс жасайтын болғандықтан, сіздерге сақтық шаралары үшін маска тағып алуларыңыз ұсынылады.
Соусницаларды 1-ден 3-ке едйін номерлеңіз. Номеріне сәйкес бірінші ыдысқа шекер,екіншіне тұз және үшіншіге ас содасын жарты қасықтан салыңыз. Әрқайсысына бір қасық сірке суын құйыңыз. Әр заттың сірке суымен әрекеттесу процесін бақылаңыз.

Қадам 5.
Йодпен әрекеттесуі:
Пластик тарелкаға аз мөлшерде қант салыңыз. Қантқа 1-2 тамшы йод тамызыңыз. Сол процесті басқа заттар үшін қайталаңыз. Процесті бақылаңыз: қандай өзгерістер болды?

Қадам 6.
Дәптеріңізге төмендегі кестені жоғарыда жасалған тәжірибелерге сүйене отырып, толтырыңыз.
| Зат | физикалық көрінісі | суда еруі | сірке суымен әрекеттесуі | йодпен әрекеттесуі |
| Шекер | ||||
| Тұз | ||||
| Ас содасы |
Қадам 7.
Төмендегі сұрақтарға дәптеріңізге жазу арқылы жауап беріп, қорытынды жасаңыздар:
- Тәжірибедегі заттарға бірдей тән қасиеттерді атап көрсет.
- Тәжірибедегі заттарды бір бірінен қандай ерекшеліктері бар?
- Шекер, тұз және ас содасының әртүрлі сұйықтықтармен араласқанда қандай өзгерістер болды?
- Сарамандық жұмысты жасау арқылы қандай ой түйдіңіз?
Қорытынды
Оқушылар бұл сарамандық жұмыста заттардың физикалық және химиялық қасиеттерімен танысты. Осы жинаған білімдерін одан әрі өз үйлерінде үлкендердің қатысуымен тәжірибелер жасау арқылы кеңейте алады.
