Сабақ
Жұмыстың мақсаты
- Айнымалы қозғалыс түрлерімен танысу.
- Көлбеу науамен домалайтын резеңке доптың үдеуін анықтау.
- Жұмыс барысында зертханалық құралдарды қолдана білу.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Практикалық жұмыста оқушылар топта жұмыс істейді.
Оқушылар бірқалыпты қозғалыс/теңүдемелі қозғалыс формуласы сияқты тақырыптармен таныс болуы керек.
Тәжірибелік жұмысты бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
Оқушыларға зертханалық жұмысты орындау үшін жұмыс парағын таратыңыз. Жұмыс парағын көрсетілген сілтеме арқылы жүктеуге болады ⇒
Оқушыларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз:
Оқушылар үшін зертханалық жұмыстарды ресімдеу талаптары
Зертханалық жұмыстарды білім алушылар аудиторияда оқытушының тікелей басшылығымен және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтай отырып орындайды.
Зертханалық жұмыстар өлшеулер мен есептеулерді орындаумен қатар жүреді. Орындалған жұмыс нәтижелері бойынша есеп жасалады.
Білім алушылардың зертханалық жұмысты орындауы жөніндегі есепте:
- Зертханалық жұмыстың атауы мен нөмірі;
- Зертханалық жұмыс тақырыбының атауы;
- Зертханалық жұмыстың мақсаты;
- Зертханалық қондырғының қысқаша сипаттамасы (егер қолданылса);
- Өлшеу әдістері;
- Зертханалық жұмыстың барысы;
- Өлшем бірліктерін міндетті түрде көрсете отырып, өлшеу және есептеу нәтижелері (әдетте кесте түрінде) ;
- Жеке өлшеу нәтижелері; Фото нұсқаулықты қосыңыз
- Өлшеу қателігін бағалаумен алынған эксперименттік деректерді өңдеу нәтижелері;
- Графиктер, схемалар, сызбалар;
- Өлшенетін шамаларды көрсететін негізгі есептеу формулалары (формулаларға кіретін барлық әріптік шамалар түсіндірілуі керек);
- Алынған нәтижелерді есептеу және егжей-тегжейлі талдау;
- Қорытынды
Бағалау үшін оқушыларға осы материалды (PBLrubrics) беріңіз:
- оқушылар алдын ала қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін түсінеді,
- оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алды.
Жұмыстың практикалық бөлімі
1 — қадам. Картоннан 70х5см өлшемді — 1 бөлік, 70х3см өлшемді — 2 бөлік және 5х3см кішкентай бөліктерін кесіп алыңыз,

2 — қадам. Картондарды бір- біріне суретте көрсетілген секілді желімдеңіз


3 — қадам. Картоннан жасалған бұл құралды, науа ретінде тәжірбиеде қолдансаңыз болады.

4 — қадам. Науаның ұзындығын, яғни резеңке доптың өтетін жолын өлшеуіш таспамен немесе сызғыштың көмегімен өлшеп алыңыз.

Мысалы, суретте көрсетілген доптың жолы — 70см=0.7м
5 — қадам. . Картоннан жасалған науаны, доп домалай алатындай көлденең орналастырыңыз.

6 — қадам. Допты науаның үстімен жіберген сәттен бастап, оның соғылғанға дейінгі уақытын анықтаңыз. Ол үшін күнделікті өмірде пайдаланатын, ұялы телефонның секундомерін қолданыңыз.


7 — қадам. Ешқандай өлшемдер мүлдем дәл жасалмайды. Олар әрқашан өлшеу құралдарының жетілмегендігімен және басқа себептермен байланысты кейбір қателіктермен шығарылады. Бірақ қателіктер болған кезде сенімді өлшеулер жүргізудің бірнеше әдісі бар. Олардың ішіндегі ең қарапайымы — егер тәжірибе шарттары өзгермесе, бір шаманың бірнеше тәуелсіз өлшемдерінің нәтижелерінен арифметикалық орташа мәнді есептеу. Мұны жұмыста жасау ұсынылады.
Тәжірибені бірнеше рет қайталап, доптың қозғалыс уақытының орташа мәнін төмендегі формула бойынша есептеңіз

8 — қадам. Теңүдемелі қозғалыс кезіндегі дененің бастапқы жылдамдықсыз жүріп өткен жолының формуласы

Осы формула арқылы үдеудің мәнін өрнектеп алып, оны анықтаңыз.

мұндағы
- s — дененің жүріп өткен жолы, м
- t — дененің жүріп өткен уақыты, с
9 — қадам. Есептеу нәтижесі
Допты науаның үстімен жіберген сәттен бастап, оның соғылғанға дейінгі уақыттары көрсетілген, енді орташа уақыт мәнін табамыз.
t1 = 01,33 с
t2 = 01,25 с
t3 = 01,28с
t4 = 01,30с
t5 = 01,58с

10 — қадам. S — дененің жүріп өткен жолы, 4 — қадамда көрсетілген науаның ұзындығына тең.
Яғни, S = 0,7м
Демек , үдеудің мәні

11 — қадам. Барлық өлшеу және есептеу нәтижелерін кестеге жазыңыз

12 — қадам. Жұмыс бойынша қорытынды жасаңыз!
Қорытынды
Бұл зертханалық жұмыста оқушылар айнымалы қозғалыс түрлерімен танысты. Сонымен қатар көлбеу науамен домалайтын шардың үдеуін, жүріп өткен жолы, және резеңке доптың жүріп өткен уақытын есептеп, қорытынды жасады.

