Сабақ
Жұқа линзаның фокустық қашықтығы
Жұмыстың мақсаты
- Жұқа линза мен экран арасындағы фокустық қашықтықты анықтауды үйрену.
- Линзаның оптикалық күшін анықтау.
- Жұмыс барысында зертханалық құралдарды қолдана білу.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Тәжірибелік жұмысты бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
Оқушыларға зертханалық жұмысты орындау үшін жұмыс парағын таратыңыз. Жұмыс парағын көрсетілген сілтеме арқылы жүктеуге болады ⇒
Оқушыларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз:
Оқушылар үшін зертханалық жұмыстарды ресімдеу талаптары
Зертханалық жұмыстарды білім алушылар аудиторияда оқытушының тікелей басшылығымен және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтай отырып орындайды.
Зертханалық жұмыстар өлшеулер мен есептеулерді орындаумен қатар жүреді. Орындалған жұмыс нәтижелері бойынша есеп жасалады.
Білім алушылардың зертханалық жұмысты орындауы жөніндегі есепте:
- Зертханалық жұмыстың атауы мен нөмірі;
- Зертханалық жұмыс тақырыбының атауы;
- Зертханалық жұмыстың мақсаты;
- Зертханалық қондырғының қысқаша сипаттамасы (егер қолданылса);
- Өлшеу әдістері;
- Зертханалық жұмыстың барысы;
- Өлшем бірліктерін міндетті түрде көрсете отырып, өлшеу және есептеу нәтижелері (әдетте кесте түрінде) ;
- Жеке өлшеу нәтижелері; Фото нұсқаулықты қосыңыз
- Өлшеу қателігін бағалаумен алынған эксперименттік деректерді өңдеу нәтижелері;
- Графиктер, схемалар, сызбалар;
- Өлшенетін шамаларды көрсететін негізгі есептеу формулалары (формулаларға кіретін барлық әріптік шамалар түсіндірілуі керек);
- Алынған нәтижелерді есептеу және егжей-тегжейлі талдау;
- Қорытынды
Бағалау үшін оқушыларға осы материалды (PBLrubrics) беріңіз:
- оқушылар алдын ала қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін түсінеді,
- оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алды.
Жұмыстың практикалық бөлімі
Зертханалық жұмысты орындамас бұрын. Фокустық қашықтықты өлшеу үшін проектор жасаңыз
1-қадам. Барлық қажетті материалдарды дайындаңыз
- Картон 30х15 см – 3 дана
- Картон 15х15см – 3 дана
- Қос дөңес Линза — 1 дана
- Қарындаш
- Өзегі бар ыстық желім
- Сызғыш

2-қадам. Картондарды ыстық желіммен қосыңыз


3-қадам. Үлкейткіш әйнекті бекіту үшін, картоннан шеңбер кесіп алыңыз


4-қадам. Ыстық желімнің көмегімен үлкейткіш әйнегі бар картонды, негіз үлкен картонға бекітіңіз

5-қадам. Өлшемі 15х15 см болатын екінші картонды экран ретінде пайдаланыңыз

6-қадам. Бұл проекторды линза, жарық және кескін арасындағы қашықтықты өлшеу үшін пайдалануға болады

Жұмыстың эксперименттік бөлігін орындауға нұсқау:
d [м] – жарық көзінен линзаға дейінгі қашықтық
f [м] – линзадан кескінге дейінгі қашықтық
D [дптр ] – линзаның оптикалық күші
F [м] – линзаның фокустық қашықтығы
1-қадам. Шамды жағып, оны проектордың ішіне орналастырыңыз. Шамды жылжытқанда, экранда шеңбердің айқын бейнесін алыңыз
Мысал 1-суретте көрсетілген.

2-қадам. Өлшеу таспасын пайдаланып, линзадан кескінге дейінгі f қашықтықты және жарықтан линзаға дейінгі d қашықтықты өлшеңіз


3-қадам. Формуланы пайдаланып линзаның фокустық қашықтығын табыңыз
Линзадан кескінге дейінгі қашықтық: f = 41см
Жарықтан линзаға дейінгі қашықтық: d = 22 см


4-қадам. Фокустық қашықтықты қолдана отырып, линзаның оптикалық күшін анықтаңыз

5-қадам. Барлық деректерді кестеге жазыңыз
Маңызды! Линзаның қашықтығын өлшегенде, барлық мәндер ХБЖ жүйесіне аударыңыз. Мысалы d=20см бұл d = 0.2 м дегенді білдіреді

6-қадам. Кескінде жарық көзінің үлкейтілген, кішірейтілген және тең суретін алып, тәжірибені үш рет қайталаңыз. Линзаның орташа фокустық қашықтығы мен оптикалық күшін есептеңіз

7-қадам. Төмендегі сұрақтар бойынша жұмыстың қорытындысын тұжырымдаңыз
1. Линзаның оптикалық күші мен фокустық қашықтығын эксперименталды түрде қалай анықтауға болады?
2. Қандай жағдайда линзаның көмегімен алынған нақты кескін, үлкейтіледі?
3. Линзаның оптикалық күшінің формуласы қандай?
Қорытынды
Бұл зертханалық жұмыста оқушылар линзаның не екенін біліп, линзаның оптикалық күшін есептеді. Олар жұмыстың эксперименттік бөлігі үшін қолжетімді материалдардан өз қолдарымен проектор жасады. Проектордың көмегімен линзаның фокустық қашықтығын анықтады.

