Сабақ
Меншікті балқу жылуы
Жұмыстың мақсаты
- Заттардың агрегаттық күйлерінің мағынасын түсіндіру.
- Мұздың меншікті балқу жылуын анықтау.
- Жұмыс барысында зертханалық құралдарды қолдана білу.
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Практикалық жұмыста оқушылар топта жұмыс істейді.
Оқушылар заттардың агрегаттық күйлері/жылу мөлшері/меншікті балқу жылуы сияқты тақырыптармен танысуы керек.
Тәжірибелік жұмысты бастамас бұрын оқушыларды барлық қажетті материалдармен таныстырып, қамтамасыз етіңіз.
Оқушыларға зертханалық жұмысты орындау үшін жұмыс парағын таратыңыз. Жұмыс парағын көрсетілген сілтеме арқылы жүктеуге болады ⇒
Оқушыларды қауіпсіздік техникасымен таныстырыңыз:
Оқушылар үшін зертханалық жұмыстарды ресімдеу талаптары
Зертханалық жұмыстарды білім алушылар аудиторияда оқытушының тікелей басшылығымен және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтай отырып орындайды.
Зертханалық жұмыстар өлшеулер мен есептеулерді орындаумен қатар жүреді. Орындалған жұмыс нәтижелері бойынша есеп жасалады.
Білім алушылардың зертханалық жұмысты орындауы жөніндегі есепте:
- Зертханалық жұмыстың атауы мен нөмірі;
- Зертханалық жұмыс тақырыбының атауы;
- Зертханалық жұмыстың мақсаты;
- Зертханалық қондырғының қысқаша сипаттамасы (егер қолданылса);
- Өлшеу әдістері;
- Зертханалық жұмыстың барысы;
- Өлшем бірліктерін міндетті түрде көрсете отырып, өлшеу және есептеу нәтижелері (әдетте кесте түрінде) ;
- Жеке өлшеу нәтижелері; Фото нұсқаулықты қосыңыз
- Өлшеу қателігін бағалаумен алынған эксперименттік деректерді өңдеу нәтижелері;
- Графиктер, схемалар, сызбалар;
- Өлшенетін шамаларды көрсететін негізгі есептеу формулалары (формулаларға кіретін барлық әріптік шамалар түсіндірілуі керек);
- Алынған нәтижелерді есептеу және егжей-тегжейлі талдау;
- Қорытынды
Бағалау үшін оқушыларға осы материалды (PBLrubrics) беріңіз:
- оқушылар алдын ала қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін түсінеді,
- оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алды.
Жұмыстың практикалық бөлім
1 — қадам. Жұмысқа кіріспес бұрын, керекті құрал – жабдықтарды дайындап алыңыз
- Ыстық су – стакан №1
- Өлшеуіш цилиндр (мензурка)
- Термометр
- Мұз кесегі

2 — қадам. Ең алдымен ыстық судың температурасын t өлшеп алыңыз
Ыстық судың t=32.9 ºC

3 – қадам. Ыстық судың массасын анықтап алыңыз. Ол үшін
- өлшеуіш цилиндрге 1 стаканадағы ыстық суды құйып алыңыз
- ыстық судың V көлемін анықтаңыз. Ыстық судың көлемі V= 24мл = 24×10^-6 м3
- судың тығыздығын кестеден көріп алыңыз. Судың тығыздығы ρ = 1000кг/м3
- ыстық судың массасын m =ρ×V формуласы арқылы есептеп алыңыз



Есептеу нәтижесі
Ыстық судың массасы m = 0.024кг
- m =ρ×V = 1000кг/м3 × 24×10^-6 м3 = 0.024кг
4 – қадам. Мұз кесегін суы бар стаканға салып, мұзды толық ерігенше, кішкене араластырыңыз. Одан соң мұз еріген қоспаның температурасын t өлшеңіз.
Қоспаның температурасы t=10 ºC



5 — қадам. Мұздың балқу температурасы t = 0 ºC
6 — қадам. Мұздың массасын анықтап алыңыз. Ол үшін
- өлшеуіш цилиндрге 1 стаканадағы қоспа суды құйып алыңыз
- қоспа судың V көлемін анықтаңыз. Қоспа судың көлемі V= 31мл = 31×10^-6 м3
- мұздың көлемін анықтап алыңыз, ол үшін қоспа судың көлемінен ,судың көлемін алып тастаңыз. V (мұз) = V ( қоспа) — V ( су)
- судың тығыздығын кестеден көріп алыңыз. Судың тығыздығы ρ = 900кг/м3
- мұздың массасын m =ρ×V формуласы арқылы есептеп алыңыз


Есептеу нәтижесі
V (мұз) = V ( қоспа) — V ( су)
V (мұз) = (31 — 24) ×10^-6 м3 = 7 ×10^-6 м3
m( мұз) = 900кг/м3 × 7 × 10^-6 м3 = 0,0063кг
Мұздың массасы m = 0,0063кг
7 — қадам. Барлық нәтижелерді кестеге енгізіңіз

8 — қадам. Жылу балансының теңдеуін қолданып, мұздың меншікті балқу жылуын анықтаңыз

Q(б) — судың 32,9°С берген жылу мөлшері
Q (а) — мұздың балқуы үшін, алған жылу мөлшері
9 — қадам. Есептеулер нәтижесі

Мұздың меншікті балқу жылуы λ = 324400 Дж/кг
10 — қадам. Абсолютті және салыстырмалы қателікті төмендегі формулалар бойынша анықтаңыз

Меншікті балқу жылуының кестелік мәні — 340000Дж/кг
Δλ = 340000 — 324400 = 15600Дж/кг

11- қадам. Зертханалық жұмыс жайлы қорытынды жасаңыз
Қорытынды
Бұл зертханалық жұмыста оқушылар, заттардың агрегаттық күйлерімен танысты. Сонымен мұздың меншікті балқу жылуын анықтап қана қоймай оны кестелік мәнмен салыстырып, есептеулер жүргізді.

