Желаяқ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қол моторикасын жетілдіру, сонымен қатар физикалық қозғалыс механизмдерін түсінуге көмектесу. Бұл жоба балалардың назарын аударып, оларды ойлауға, жобалауға және тәжірибе жасауға ынталандырады.

Құндылық: Жобаны жасау барысында балалар өз идеяларын іске асыруға мүмкіндік алады, бұл олардың шығармашылық қабілеттерін арттырады.Қайшы, фломастер және тіс шұқығышпен жұмыс істеу балалардың қол моторикасын жақсартады, бұл әсіресе кішкентай балалар үшін маңызды.Жобаның механикалық құрылымы балаларға қозғалыс және механизмдер туралы білім береді.

Тәрбиешіге арналған нұсқаулық

  • Бұл жобаны балалар топпен, жұппен немесе жеке орындайды.
  • Балалар жобаның мақсатын қамтитын тақырыптармен танысуы керек.
  • Балаларға арналған жұмыс алаңын дайындаңыз.
  • Тәжірибелік  бөлімді бастамас бұрын балаларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

STEAM жобасындағы  қауіпсіздік техникасы
Ұйымдастырған іс әрекетті бастамас бұрын тәрбиленушіге қауіпсіздік техникасымен танысу ұсынылады. Қажет болған жағдайда (ҚТ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) балаларға қысқаша нұсқау жүргізу қажет.
Сілтемеге өтіңіз     Қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

 Желаяқ жобасы механика негіздеріне сүйенеді.  Желаяқтың аяғы мен денесін бөлек салып, оларды байланыстыру арқылы механизмді қалыптастыру. Тіс шұқығыштың қозғалтуы желаяқтың аяқтарының қозғалғыштығын қамтамасыз етеді.

Тіс шұқығышты қозғау арқылы дене мен аяқ арасындағы байланыс қозғалысқа келтіріледі. Бұл механизмдер мен қозғалыс принциптерін түсінуге көмектеседі. Ақ қағазға сурет салып, түрлі түсті фломастерлермен безендіру балалардың эстетикалық талғамын дамытады

Тәжірибелік бөлімі

Желаяқтың жасалу жолы

1-қадам: А4 қағазына жәй қаламмен желаяқтың денесін бөлек, аяқтарын бөлек және кішірек дөңгелектің суретін салып алыңыз

2-қадам: желаяқты түрлі түсті фломастермен бояп алыңыз

3-қадам: Боялған суретті қайшымен қиып алыңыз

4-қадам:қиылған бөліктерді біріктірейік. Бірінші кіші дөңгелектің дәл ортасын тесіп, тіс шұқығышты өткізіп алыңыз. Екінші аяқтарын өткізіңіз, үшінші денесін  өткізіңіз

5-қадам: Желаяғымыз жүгіруге дайын. Балақай, жасаған желаяғыңды достарыңа көрсетіп, олардың жасаған желаяқтарымен жарыстырып көр.

Қорытынды

Желаяқ жобасы балалар үшін қызықты және пайдалы тәжірибе болып табылады. Ол шығармашылық, қол моторикасы, ғылыми түсінік, және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға бағытталған. Жобаны жүзеге асыру арқылы балалар тек көңіл көтеріп қана қоймай, сонымен қатар өз білімдерін тереңдетіп, жаңа дағдыларды меңгереді. Нәтижесінде, бұл жоба балалардың дамуына оң әсер етеді және оларды болашақта шығармашылық және ғылыми салада жетістіктерге жетуге ынталандырады.