1-сабақ

video
play-rounded-fill

Жобаның мақсаты

– Әртүрлі заттардың қозғалту жылдамдығы және оған жұмсалатын күштің әртүрлі болатындығын үйрету

– Кранның шағын макетін жасау

Мұғалімге арналған нұсқаулық

– Жобаның практикалық бөлімінде оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.

– Оқушылар әртүрлі заттардың қозғалыс жылдамдығы және оған жұмсалған күш туралы тақырыптармен танысуы керек.

– Практикалық бөлімді бастамас бұрын, оқушыларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

– Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Steam сабақтарындағы қауіпсіздік техникасы

Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік техникасымен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ТБ-да көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Steam сабақтарында қауіпсіздік техникасы сілтемесіне өтіңіз

Теориялық бөлім

Сурет 1. Пирамида салынуы

Адамзат баласы ежелден үлкен ғимараттар салуды білген бірақта оларды салу үшін өте көп адам күші жұмсалған. Бұл дегеніміз әртүрлі үлкен заттарды жоғары көтеру үшін өте үлкен уақытты қажет етеді. Мысалға суреттегі секілді пирамида салу үшін бір адам ғұмыры дерлік уақыт жұмсайтын болған. Кейін келе инженерлер және ғалымдар осы мәселені шешу үшін әртүрлі құрылымдар ойлап тапқан. Адамзат ойлап тапқан жетістіктерінің бірі ол кран болып есептеледі. Себебі кран арқылы адамдардың көптеген мәселелері шешілді. Мысалға, әртүрлі заттардың орнын алмастыру жылдамдығы, адамзат тарапынан жасалатын жұмыстың азаяюы секілді

Сілтеме: https://pikabu.ru/story/sekret_stroitelstva_egipetskikh_piramid_raskryit_polnostyu_6256420

Осы адамзат ойлап тапқан құрылымның шағын макетін өзіміз жасап көрелік

Практикалық бөлім

Қадам 1. Ауданы 34 х 28 болатын картонды аламыз, одан фотодағы секілді бөліктер сызып аламыз.  (20х4 болып көрсетілгенде, 20х2 өзгерту қажет, екі бөлшегін бірге санап жіберген)

Қадам 2. Өлшемдеріне сай етіп қиып аламыз

Қадам 3.  20х2 өлшемдегі екі картонды ПВА желімімен жабыстырамыз

Қадам 4.  14х2 өлшемдегі 4 картон бар, екеу-екеуден желімдейміз

Қадам 5.  Ауданы 20х2 болатын картонды шпажкамен жоғары және астыыңы жағынан тесіп аламыз

Қадам 6.  Ауданы 14х2 болатын екі картондарды тесіп аламыз тек үстіңгі жағынан

Қадам 7.  Таяқшаны бөлу үшін қайшыны қолданамыз, сәл-сәл қайшымен айналдыра қысамызда, сонан соң барып қолмен сындырсақ болады

Қадам 8.  Кесілген таяқшаға 14х2 картонды, ортасына 20х2 картонды екінші шетіне 14х2 картонды таяқшаға түйрейміз

Қадам 9.  Ауданы 2х2 болатын картонды  14х2 картондардың ортасына қойып  ауданы 30х2 болатын үлкен картонға ыстық желім арқылы желімдейміз 

Қадам 9.1. Мұғалім желімдеп беруі қажет, суыту үшін балалар ұстап тұрса болады

Қадам 10. Ауданы 2х8 болатын екі картонды бірдей етіп жоғары жағынан тесіп аламыз