1 апта

Мақсаты:

  1. Tilda Publishing сайт конструкторында сайт жасап үйрену
  2. Сайтқа нашар көретін адамдарға арналған функция қосуды үйрену

Күтілетін нәтижелер

Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:

  • – мұғаліммен жақсы қарым-қатынас жасай алу 
  • – ақпаратты талдау және жалпылау
  • – оқуға деген жауапты көзқарас қалыптасады
  • – өзі жеке жұмыс жасауға дағдылану
  • – өз бетінше логикалық пайымдау және қорытынды жасау
  • – шығармашылық қабілеттің артуы

Кіріспе 

Интернетті қолдану қазіргі ақпараттық қоғамда адамның ақпаратты алу және тарату бостандығына құқығын жүзеге асырудың кепілі болып табылады. Кейбір пайдаланушылар үшін ақпаратты табуда, алуда және таратуда революциялық мүмкіндіктер туғыза отырып, интернет сонымен бірге басқаларға цифрлық кедергілер тудыратын жаңа бөлінуге айналады. Сандық теңсіздікке ең көп ұшыраған әлеуметтік топтардың бірі – мүмкіндігі шектеулі адамдар. 

Пәнаралық байланыс: 

  • Информатика (С++ бағдарламалау тілімен жұмыс)
  • Көркем еңбек (сайтты әрлеуді үйрену)                       

Мұғалімге арналған нұсқаулық

  1. Жобаны бағалау үшін, бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBLrubrics) беріңіз:
  • оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсіну үшін,
  • оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алу үшін.
  1. Сабақтың басында ұсынылады:

– жобаға деген қызығушылықты ояту үшін бірнеше “жетекші сұрақтар” қойыңыз:

– сайттарда көп отырасыздарма?

– сіздер отыратын сайтта нашар көретін адамдарға арналған функция бар ма?

– сайт жасай аласыздарма?

– қандай сайт жасайтын сайт конструкторларын білесіздер?

Global Digital Explore Technology Networking

Мүгедектігі бар адамдар үшін ақпараттық технологиялардың қаржылық және техникалық қол жетімсіздігі және одан туындайтын цифрлық кедергілер олардың қоғамда оқуға, жұмыс істеуге, ақша табуға және белсенді рөл атқаруға мүмкіндіктерінен айырады. Нәтижесінде олар әлі де әлемдегі ең осал және оқшауланған популяциялардың бірі болып қала береді.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2006 жылғы 13 желтоқсандағы 61/106 қарарымен қабылданған Мүгедектердің құқықтары туралы БҰҰ Конвенциясы мүгедектердің құқықтары туралы негізгі халықаралық құжат болып табылады. Бұл мүгедек адамдардың құқықтарын қамтамасыз етудің негізі болып табылады және мүгедектердің құқықтары жөніндегі комитет мүгедек адамдардың өздерінің азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен негізгі бостандықтарын жүзеге асыруының маңызды алғышарты ретінде түсіндіреді. 

Қазақстан Республикасы Мүгедектердің құқықтары туралы Конвенцияны 2015 жылғы 20 ақпандағы заңмен ратификациялады.

Мүгедек адамдар деп көру қабілеті бұзылған (Зағип және нашар көретін), есту қабілеті (саңырау және нашар еститін), сөйлеу, тірек-қимыл жүйесі, когнитивті және неврологиялық бұзылыстары бар адамдарды қоса алғанда, пайдаланушылардың кең ауқымы түсініледі.

Цифрлық теңсіздікті еңсеру, мүгедек адамдардың адами әлеуетін нығайту және олардың құқықтары мен бостандықтарын толық көлемде іске асыру үшін, арзан ассистивті құрылғыларға қол жеткізуді ынталандырумен қатар, олар үшін ақпаратқа қол жеткізуде, ең алдымен интернет-контент пен цифрлық технологиялардың қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы тең мүмкіндіктер жасау маңызды.

Конвенцияның рухы мен әрпіне сәйкес мемлекет қажетті жағдайлар жасау және ақпаратқа, оның ішінде Интернетке қол жеткізуде мүгедек адамдардың құқықтарының теңдігін сақтауды қамтамасыз ету бойынша негізгі міндеттемелерді атқарады. ҚПИ-нің 9-бабына сәйкес қатысушы мемлекеттер мүгедектігі бар адамдардың өз таңдауы бойынша ақпараттың барлық арналары мен коммуникация құралдарын пайдалана алуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасауға жәрдемдесуге міндетті, атап айтқанда:

  •  халық үшін ашық немесе ұсынылатын объектілер мен қызметтердің қолжетімділігін көздейтін ең төменгі стандарттар мен басшылық бағдарларды әзірлеуге, оларды қолданысқа енгізуге және олардың сақталуын бақылауға;
  • мүгедектердің Интернетті қоса алғанда, жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларға (акт) және жүйелерге қолжетімділігін көтермелеу;
  • бастапқыда қол жетімді АКТ мен жүйелерді жобалауды, әзірлеуді, өндіруді және таратуды ынталандыру, осылайша осы технологиялар мен жүйелердің қол жетімділігі ең аз шығындармен қол жеткізіледі”.

ҚР мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау қарсаңында және одан кейін ұлттық заңнаманы оның ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында бірқатар нормативтік-құқықтық актілер мен заңнамалық өзгерістер қабылданды. 

Дерек көздері:

Доступность цифровых продуктов для людей с инвалидностью (drfl.kz)

Практикалық бөлім

Бірінші және екінші аптада Тильда сайт конструкторында сайт құрасыз. Ал үшінші аптада сайтқа нашар көретін адамдарға арналған функцияны қосатын боласыз. Сайт ҚР астанасы – Астана қаласы туралы болады.

Бұл аптада сайтты құрып, бастапқы беттерін өңдейтін боламыз.

Қадам 1. 

Төмендегі сілтеме арқылы Тильда сайт конструкторына өтіңіз:

Создать сайт бесплатно. Конструктор сайтов Tilda Publishing

Қадам 2. 

Тильда конструктор сайтына “Регистрация” батырмасын басып өтіңіз. (Егер сізде электронды поштаңыз болмаса ашуыңыз керек болады. Ол поштаны Google арқылы ашсаңыз болады. Көрсетілген сілтеме арқылы өтіп, өзіңізге жаңа аккаун құра аласыз: Создайте аккаунт Google.)

Ашылған жаңа терезеге қажетті деректерді толтырып, тіркеліңіз. Тіркелгеннен кейін тіркеген почтаңызға өтіп, растауыңыз керек. 

Қадам 3.

“Создать новый сайт” батырмасын басыңыз.

Сізде My project терезесі ашылады. Сол жерден “Создать новую страницу” батырмасын басыңыз. Жаңа ашылған терезеден “Пустая страница” таңдаңыз.

Қадам 4.

Жаңадан ашылған терезеден “Все блоки” батырмасын басыңыз. “Обложки” бөліміне өтіп, “CR02” таңдаңыз.

Қадам 5. 

Сайт Ел ордасы Астана қаласы жайлы болады. Алдымен сілтеме арқылы өтіп, қажетті суреттерді жүктеп алыңыз: сілтеме 

Қадам 6.

 “Контент” батырмасын басып өңдеуге кірісіңіз. ЗАГОЛОВОК”  бөліміне — Астана, “ОПИСАНИЕ”— Қазақстан Республикасының астанасы сөздерін енгізіңіз. “Фоновое изобрежениеге” жүктеп алған фотолар ішінен “фото1” суретін енгізіңіз.

Қадам 7. 

“Сохранить и закрыть” батырмасын басып, сақтаңыз. Сонда бірінші беттегі сурет пен мәліметтер ауысады. Сонда бірінші беттегі сурет пен мәліметтер ауысады. “Настройки” бөліміне өтіп, ГОРИЗОНТАЛЬНОЕ ВЫРАВНИВАНИЕ — по правому краю, ЭФФЕКТ ПРИ СКРОЛЛЕ — параллакс, непрозрачность- 20% өзгертіңіз және сақтаңыз.

Қадам 7. 

Екінші бетті құру үшін “Қосу” батырмасын басып, “Текстовый блок” таңдап, “TX01” таңдаңыз.

Қадам 8. 

“Контент” батырмасын басып өңдеңіз. Текстке төменде келтірілген мәтінді енгізіңіз. “Сохранить и закрыть” батырмасын басып, сақтаңыз.

Енгізілу керек мәтін: “Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Астана «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.”

Қадам 9.

Келесі үшінші бетті қосу үшін  “қосу” батырмасын басып жаңа бет қосасыз. “қосу” батырмасын басқаннан кейін “изобрежение” бөліміне өтіп, “IM01” таңдайсыз.

Қадам 10.

Суретті  “Контент” батырмасын басу арқылы ауыстырыңыз. Оған “фото2” жүктеңіз.  “Сохранить и закрыть” батырмасын басыңыз.

Төртінші бетті құру үшін “Қосу” батырмасын басып, “Текстовый блок” таңдап, “TX01” таңдаңыз. 

Қадам 12.

Әдеттегідей “Контент” батырмасын басу арқылы Текст бөліміне төмендегі мәтінді жазасыз. Сосын “Сохранить и закрыть” батырмасын басыңыз.

Енгізілу керек мәтін: “Қазіргі уақытта астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 1 млн асады. Қала төрт ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа», «Есіл» және «Байқоңыр» ауданынан тұрады. Қала экономикасының қарқынды дамуы көптеген инвесторлар үшін тартымды болып отыр. Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары.”