2 апта
Алдыңғы аптада құрып бастаған сайтты одан әрі өңдеуді жалғастыра отырып, осы аптада сайтты толығымен құрып бітесіздер.
Қадам 1.
Бесінші бетке сурет қойыңыз. Ол бетті қосу үшін “қосу” батырмасын басып жаңа бет қосасыз. “қосу” батырмасын басқаннан кейін “изобрежение” бөліміне өтіп, “IM01” таңдайсыз.
“Контент” батырмасын басып, контентке өзіңіз жаңа сурет “фото3” жүктеңіз. “Сохранить и закрыть” батырмасын басу арқылы сақтаңыз. Әр ақпаратты, суретті енгізгеннен кейін сақтап отыруды ұмытпаңыз.

Қадам 2.
Келесі алтыншы бетке мәтін енгізіңіз. Бетті құру үшін “Қосу” батырмасын басып, “Текстовый блок” таңдап, “TX01” таңдаңыз. Оған төменде келтірілген мәтінді “Контент” бөліміне кіру арқылы текстке енгізіңіз және сақтаңыз.
Енгізілу керек мәтін: “Елорданың басты көрнекті орындарының бірі — сол жағалаудағы алғашқы сәулетті құрылыс — «Бәйтерек» монументі. Осынау бірегей нәзік кешен Астананың символдық бейнесіне айналды. Ғасырлар бойы ауыздан ауызға тараған ежелгі аңыз қайтадан жаңғырды. «Бәйтеректің негізгі идеясы — ол Бейбітшілік Ағашы.”
Қадам 3.
Келесі бетке “фото4” енгізіңіз. Ол үшін алдымен сурет енгізетін бетті “IM01” форматта құрыңыз. Сосын беттің “Контент” бөліміне өтіп, сайтқа жаңа суретті жүктеңіз. Сақтау батырмасын басу арқылы жаңа сурет сайтқа жүктеледі.

Қадам 4.
Сегізінші бетте Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 көрмесі жайлы ақпарат болады. Ол үшін “TX01” форматында жаңа бет қосып, төменде келтірілген мәтінді “Контент” бөлімінде Текстке енгізіңіз.
Енгізілу керек мәтін: “2017 жылы елордада ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі өтті, оған Есіл өзенінің сол жағалауында көрме кешені — ЭКСПО-қалашығы бой көтерді. «ЭКСПО-2017» көрмесінің архитектуралық символына айналған көрме кешенінің орталық нысаны «Нұр әлем» деп аталады. Алып шар тәрізді ғимарат – әлемдегі ең үлкен сфера. Оның диаметрі 80 метр болса, биіктігі – 100 метр.”
Қадам 5.
Тоғызыншы бетті “IM01” форматта құрып, “Контент” бөліміне “фото5” жүктеңіз.
Қадам 6.
Оныншы бетке мәтінге арналған “TX01” форматындағы бет құрыңыз. Оған төменде келтірілген мәтінді “Контент” бөліміне өтіп енгізіңіз.
Енгізілу керек мәтін: “Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі британдық архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, «Абу Даби плаза» көпфункционалды кешенін, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрын, Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Әзірет Сұлтан» мешітін, Әулие Үспен Богородица кафедралдық соборын, Әулие Мария Архиепархиясы рим-католиктік кафедралдық соборын, «Бейт Рахель Хабад Любавич» синагогасын, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Қазақ Елі» монументін, Қазіргі заманғы өнер музейі мен Президенттік мәдени орталық ғимараттарын атауға болады.”

Қадам 7.
Келесі бетті “қосу” батырмасын басып, “IM01” таңдаңыз. Жаңадан қосылған беттің “Контент” бөліміне өтіп, “фото6” жүктеңіз.

Қадам 8.
Қорытынды бөлімді жазу үшін тағы жаңа бет қосыңыз. “Қосу” батырмасын басып, “Текстовый блок” таңдап, “TX01” таңдаңыз.
Жаңадан қосылған бетке төменде келтірілген мәтінді “Контент” бөліміне өтіп енгізіңіз.
Енгізілу керек мәтін: “Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.”

Сіз осымен сайтты құрып, өңдеп біттіңіз. Келесі аптада нашар көретін жандарға арналған функцияны қосу арқылы сайтты одан әрі толықтырасыз.
