3 апта
Нашар көретіндерге арналған нұсқа параметрлері
Пайдаланушы үшін кем дегенде қамтамасыз ету қажет:
- үш қаріп өлшемінің бірін таңдау;
- үш түс схемасының бірін таңдау;
- суреттерді өшіру мүмкіндігі.
Нашар көретін адамдарға арналған функцияны қосу үшін HTML код жазасыздар.
Қадам 1.
Сіздер осы уақытқа дейін Тильда сайтында Free, яғни тегін тарифте жұмыс жасадыңыздар. Енді HTML код жазу үшін сіздерге Personal тарифіне өту керек болады. Ол үшін “Тарифы и оплаты” бөліміне өтіп, екі аптаға уақытша жазылыңыз. Сізге ешқандай карта тіркеудің қажеті жоқ. Сізден Personal тарифке өту барысында пошта аккаунтыңызды растауыңызды сұрауы мүмкін. Сондай жағдай туса почта аккаунтыңызға өтіп, өзіңіз екенін растай отырып, тарифты өзгерте аласыз.
Қадам 2.
Тарифты өзгерткеннен кейін, “Мои сайты” бөліміне өтіп “My Projects” ашыңыз. Егер байқасаңыз сайттың атауы әлі де өзгермеген. Оны өзгерту үшін “Настройки” батырмасын басып, “ЗАГОЛОВОК” пунктіне Астана сөзін енгізіңіз және “сохранить изменение” батырмасын басу арқылы сақтаңыз.
Қадам 3.
Тақырыбы өзгертілген алдыңғы аптада құрған сайтты ашыңыз. Ең төменгі жағына түсіп, “қосу” батырмасын басыңыз. “Другое” бөліміне өтіп, “Т123” – HTML код таңдаңыз.

Қадам 4.
“Контент” бөліміне өтіп, төменде келтірілген кодты сонда енгізіңіз және сақтаңыз:
<script src="https://lidrekon.ru/slep/js/uhpv-full.min.js">
</script>
<a id="specialButton" href="#"><img src="https://lidrekon.ru/images/special.png" id='glaz' alt="ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ" title="ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ" /></a>
<style>
#glaz {
position:fixed;
top:10px;
left:10px;
z-index: 99999;
}
</style>
Қадам 5.
“Опубликовать” батырмасын басыңыз, сосын “Сохранить и продолжить” батырмасын басыңыз. Сонда сізде экранда “Публикация прошла успешно!” сөзі шығады. Төменгі жағында “открыть страницу” басу арқылы сайтты көре аласыз.
Қадам 6.
Сайтты ашқаннан кейін жоғарғы сол жағында көз суреті тұрады. Ол нашар көретін адамдарға арналған батырма. Сол батырманы басып, сайтты ашып көріңіз. Және сайттың жоғарғы жағындағы әртүрлі параметрлерді басу арқылы сайт көрінісін өзгерте аласыздар.
Видеодан сайттың қалай жасайтынын көре аласыздар:
Жобаларды таныстыру (презентация)
Оқушылар өздерінің дайын жобаларын таныстыруы керек.
Қорытынды
Қазіргі таңда IT технологиялар өте қарқынды дамуда. Кез келген ақпаратты ғаламторға кіріп, іздеу арқылы таба аламыз. Бұл мүмкіндіктерді барлық адамдарға, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға да қолжетімді болғаны дұрыс. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың бір тобы көруі нашар адамдар. Оларға сайтта арнайы солар үшін қосылған функцияның болуы оларға ақпарат алуды жеңілдетеді. Сондықтан осы жобада сайтқа сол функцияны қосуды үйрендіңіздер. Тек нашар көретін жандарға арналған функцияны қосуды ғана емес, сонымен қатар Тильдада сайт жасауды да үйрендіңіздер. Енді өз қалауларыңыз бойынша осы нұсқаулыққа сүйене отырып, талғамыңызға сай сайт жасай аласыздар.
Оқушылар Тильда сайт констукторында жұмыс істеуге белгілі бір деңгейде жаңа білім алды.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Problem based learning (проблемалық-бағдарлы оқыту) — бұл оқушылардың шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе қоңырауға жауап іздеу және іздеу үшін 3 немесе 4 апта ішінде бір жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі (әрі қарай PBL Rubrics сілтемесіне өтіңіз).

