1-сабақ

Жоба мақсаты

– Анимациялық фильмнің жасалу сатыларымен танысу;
– Тақырыпты ашатын сценарий құру арқылы шығармашылық дағдыларын дамыту;
– Топпен жұмыс барысында толыққанды анимациялық фильм жасап, көрерменге ұсына білу.

Мұғалімге нұсқаулық

– Оқушыларды топтарға бөліңіз;
– Әр апта сабақтың басында теориялық бөлімге қысқаша шолу жасап оқушыларды жасалатын жұмыспен таныстырыңыз;
– Үй тапсырмасына ерекше назар аударыңыз;
– Жобаның соңғы аптасында әр топ толық дайын болған анимациялық фильмді видео форматта көрерменге ұсынуы қажет;
– Оқушыларға PBLrubrics беріңіз:
– оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсінуі керек,
– оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алуы керек.

Теориялық бөлім

Stop Motion – бұл барлығына қол жетімді таңғажайып анимация әдісі. Бұл сіздің шығармашылығыңызды білдірудің және кино түсірудің таңғажайып әлемімен танысудың тамаша тәсілі.

Анимациялық ролик жасаудың кезеңдерімен танысайық:
– Идея
– Сюжеттік тақта (раскадровка)
– Фондар мен кейіпкерлерді жасау
– Түсіру
– Дауыс беру
– Монтаж

Сценарий жазу. Бұл кезеңде копирайтер мультфильмнің жалпы тұжырымдамасын, идеясын жасайды. Қойылған мақсат туралы, мультфильм құруға бағытталған топ туралы, мультфильмнің ұзақтығы, стильдегі артықшылықтар, дауысы және т. б. туралы ойлану қажет. Сценарист әдетте бірнеше түрлі сценарий идеяларын ұсынады. Таңдалған нұсқасы толық сценарийге айналады.
Фильмдерде сценарий үш актілі құрылымнан тұрады, сіздер де оны қолдансаңыздар болады.
Бірінші актімен сценарист көрерменді қызықтырып, оқиғаға тартады.
Екінші актіде негізгі әрекеттер орын алады, кейіпкердің бастапқы нүктеден мақсатына жеткен немесе жеңілген жеріне апаратын оқиғалар дамиды. Кейіпкердің жағдайы күрделене түседі және кейіпкердің барлық қиындықтарды жеңіп, мақсатына жетуге деген ұмтылысы арқылы біз үшінші актіге келеміз.
Үшінші акт – екінші актіде болған оқиғаның салдары.  Бұл шарықтау шегі – оның мақсаты үшін шайқасатын сәт. Мұнда шиеленіс күшейіп, қарқын тездейді, қақтығыс шешілуге және аяқталуға жақын. Ең бастысы, оқиға логикалық тұрғыдан аяқталған, сонымен қатар сіз өзіңіздің хикаяңызбен нақты не айтқыңыз келетіні туралы негізгі ойыңызды көрсете алуыңыз керек.

Кейіпкерлерді дайындау. Кейіпкерлерді дайындау, әдетте, мультфильмнің, стилистикалық артықшылықтар белгілі болған кезде басталады. Сценарий бойынша концепт суретшісі мультфильм кейіпкерлерінің әрқайсысының бейнесін жасайды. Кейде кейіпкерлерді сызбас бұрын кейіпкерлердің әрқайсысының мінезін сипаттайды – кейіпкерлердің әрқайсысының мәтіндік түрдегі портреті жасалады. Бұл суретшінің визуалды бейнені жасау кезінде кейіпкердің мінезін нақты бейнелеуі үшін жасалады.

Қолмен сурет салу техникасын алғашқылардың бірі болып енгізген американдық аниматор Уолт Диснейге. Бұл әдісті қолдану үшін сіз көп жұмыс істеп, үлкен сурет галереясын дайындауыңыз керек. Акварель бояулары, қаламдар, түрлі-түсті қарындаштар, тіпті қарапайым шарикті қаламдар қолдануға болады. Қағазда әрбір келесі қозғалыс басынан аяғына дейін толығымен сызылуы керек.
Осылайша түсірілген суреттер компьютерге жіберіледі, онда бейне редакторын қолданып монтаждау және дауыстау жүргізіледі.

“Бемби” (1942) мультфильмінен кадр

Қуыршақ мультфильмдері технологиялық жағынан да қызықты. Қуыршақтардың орнын өзгерту, олардың қозғалысын жасау, сурет салудан гөрі оңайырақ, бірақ мұнда да өзіндік ерекшеліктері бар.
Керек болуы мүмкін материалдар: матаның бөліктері, жіптер, резеңке, сым, түймелер, ағаш, түрлі жемістер, LEGO ойыншықтар және т.б. болуы мүмкін. Қуыршақ кейіпкері неден жасалатыны маңызды емес, бастысы оған жеке тұлғалық берілуі.
Кәдімгі жарма немесе тұз кадрда қысқы ландшафт пен қарлы борандарды жасауға көмектеседі.

“Чебурашка” мультфильмінен кадр

Сурет орнын ауыстыру техникасы – бұл боялған және қуыршақ мультфильмінің ортасы. Картоннан кесілген дайын кескін фрагменттерін қимылдату арқылы жасалады. Бұл жағдайда композиция кейіпкерлер мен фондардың бірнеше қабаттарынан тұрады. Кейіпкерлер мен фондар жазық пішінде жасалады. 

“Ежик в тумане” мультфильмінен кадр

Пластилин анимациясы. Ерекше икемділігінің арқасында пластилин көптеген жылдар бойы мультипликаторлардың ең сүйікті материалдарының бірі болып келеді. Фильм кадрлар арасындағы уақытта пластилин нысандарын өзгерте отырып,  әр кадрды түсіру арқылы жасалады.

“Уоллес и Громит” мультфильмінен кадр

Қолданылған әдебиеттер және қосымша ақпарат:
https://www.movavi.io/how-to-make-a-stop-motion-en/
https://urok.1sept.ru/articles/644398
https://www.wikihow.com/Create-a-Stop-Motion-Animation
http://toondra.ru/sozdanie-animacii.htm
https://fantasticimago.com/blog/sozdanie-multfilmov-kak-shag-za-shagom-sozdaetsya-animirovannyj-multfilm.html
https://school-science.ru/7/22/41000
https://kinoscenariy.com/kak-napisat-stsenarij-pravila-i-sovety/
https://snegiri-studio.ru/trekhaktnaya-struktura

Практикалық бөлім

1. Бұл сабақта әр топ өзінің болашақ бейнесіне сценарий жазатын болады. Фильмнің сценарийі көбінесе көріністі еске түсіретін тіркестер ретінде сипатталады және үйлесімді болуы қажет. Толыққанды, мағыналы, тақырыпты ашатын, хикая жоспары жазылады. Сценарийде болатын оқиғалар, кейіпкерлердің сөздері барлығы жазылуы қажет.

Әрі қарай, топпен талқылаңыздар. Өзіңізді шектемеу және ойға келген барлық идеяларды жазу маңызды. Идеяларды жинағаннан кейін оларды сүзіп, ең сәттісін қалдыру керек. Ең бастысы, оқиға логикалық тұрғыдан аяқталған, сонымен қатар сіз өзіңіздің хикаяңызбен нақты не айтқыңыз келетіні туралы негізгі ойыңызды көрсете алуыңыз керек.

2. Сценарий дайын болған соң бейнелеріңіз қандай стильде болатынын, қандай құралдар қолданатыныңызды таңдауыңыз керек.

– Қолмен сурет салу;
– Пластилин анимациясы;
– Қуыршақ анимациясы;
– Сурет орнын ауыстыру;
– Немесе одан да басқа тәсілдер.
Топпен ақылдасып шешім қабылдаңыздар.

Үйге тапсырма

Келесі аптаға әр топ бастаған сценарийлерін аяқтап, анимация техникасының бірін таңдап керек болатын материалдарын алып келуі керек. (қуыршақ, ойыншықтар немесе қағаз, қаламдар немесе пластилин деген сияқты)