4-сабақ
Презентация
Мұғалім оқушылар дайын бейне файлдарын көрсету үшін үлкен экран немесе проектор дайындауы қажет болады. Әр топ кезекпен өз туындыларын сыныпқа ұсынатын болады. Кейін топтар өз ойларымен, шешімдерімен, сезімдерімен, осы жоба кезінде болған қызықты хикаялармен және қорытындыларымен бөлісе алады.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Problem based learning (проблемалық-бағдарлы оқыту)– бұл шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе қиындыққа жауап іздеу және жоба бойынша жұмыс істеу арқылы оқушылар білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі. (сілтеме бойынша өтіңіз сілтеме)
Жобаны бағалау үшін, бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBLrubrics – сілтеме) беріңіз:
– оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсінуі керек,
– оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алуы керек.

