2-сабақ
Теориялық бөлім
Сюжеттік тақта(раскадровка).

Уолт Дисней басқа аниматорлармен бірге сюжеттік тақтаны талқылауда.
Айта кету керек, сюжеттік тақта, әдетте, қосымша кезең болып табылады. Сюжеттік тақта анимацияны жасамас бұрын кадрлардың қалай көрінетінін түсінуге көмектеседі.
Сюжеттік тақтаның мәні қарапайым – бұл мультфильмнің негізгі көріністерін статикада бейнелеу. Сюжеттік тақтадан мультфильмдегі көріністердің қалай көрінетінін, олардың реттілігін, фондағы негізгі заттардың орналасуын және, сонымен қатар, фонға қатысты кейіпкерлердің орналасуын түсінуге болады. Сюжеттік тақта дайын болғаннан кейін, анимация жасауға кірісуге болады.
Практикалық бөлім
1. Бұл сабақта топтар сюжеттік тақта жасауы қажет. Ол үшін сценарий бойынша шамамен сізде қандай сценалар болатынын елестеіңіз, кейін оны қағазға сурет ретінде түсіріңіз. Кейіпкерлер камераның қай жағында тұрады, қандай фон болады, жаңбыр болады ма, кейіпкерлердің кашан калай кездеседі деген сияқты кадрларды ретімен суретін салып орналастырыңыз.

“Вверх” мультфильмінің сюжеттк тақтасынаң бір бөлігі
Суреттер әдемі, нақты болуы қажет емес, тек өздеріңізге түсінікті болса жеткілікті. Әр кадрды салудың қажеті жоқ тек маңызды бөліктерін сызып алсаңыз болды.
2. Сюжеттік тақта дайын болған соң үйден әкелген материалдарыңыздан кейіпкерлер мен фекорацияларды дайындаңыздар. (пластилинды илеп, суреттерді салып, ойыншықтарды таңдап деген сияқты) Келесі сабақта анимация жасауды бастайсыздар.
Үйге тапсырма
Сюжеттік тақтаны аяқтап, кейіпкерлеріңізді, декорацияларды сюжеттік тақта бойынша толық дайындап келіңіздер.
