1-сабақ
Жоба мақсаты
— Ымдау тілімен танысу;
— Scratch бағдарламасында ойын жасау;
Мұғалімге нұсқаулық
— Оқушыларды топтарға бөліңіз;
— Бірінші аптада оқушылар дактилді әліппемен танысып, сөйлесіп көруі керек;
— Екінші аптада Scratch бағдарламасында ойын жасауы керек;
— Оқушыларға PBLrubrics беріңіз:
– оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсінуі керек,
– оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алуы керек.
Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері
Теориялық бөлім
Ымдау тілі — ым-ишарадан тұратын, қолдарды, мимиканы, ауыз бен еріннің қозғалысын, сондай-ақ дененің орналасуын қолдану арқылы қарым-қатынас жасайтын тіл. Бұл тілдер негізінен байланыс мақсатында естімейтін және есту қабілеті нашар адамдар арасында қолданылады. Еститін адамдардың ымдау тілдерін қолдануы да өте кең таралған.
Ымдау тілі-бұл ауызша тіл сияқты толық және тиімді сөйлесе алатын көрнекі тіл. Әр түрлі елдер мен мәдениеттерде оның өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл тілде тіпті өлең жазып, ән айтады. Оның әр түрлі лексикасы, өзіндік грамматикасы мен синтаксисі бар.
Ымдау тілдері ауызша тілдерден мүлдем тәуелсіз және олар даму үстінде. Уақыт өте келе жаңа қимылдар пайда болады, ескілері қолданыстан шығып жатады және көбінесе бұл ауызша тілдердің дамуымен байланысты емес. Елдегі ымдау тілдерінің саны ондағы ауызша тілдердің санына байланысты емес. Бірнеше ауызша тілдер бар бір елде де жалғыз жалпы ымдау тілі болуы мүмкін, ал кейбір елдерде тіпті бір ауызша тілде бірнеше ым тілі қатар қолданыста бола алады.
Әлемде 120-дан астам ымдау тілі бар. Олардың барлығы бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, ағылшын тілді елдерде де АҚШ-тан есту қабілеті нашар адамдар Британдық ымдау тілін түсінбеуі мүмкін. Сонымен қатар, олардың тіпті өз диалектілері бар.
Еуропаның көптеген елдерінде ым тілдері ресми мемлекеттік тілдер ретінде танылады. Оларды міндетті түрде полиция қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер мен мұғалімдер үйренеді.
Қазақстанда алғашқы қазақ ымдау тілінің электрондық сөздігі — surdo.kz әзірленді. Сөздікте күнделікті қарым-қатынасқа арналған негізгі сөздер жиынтығы бар екі мыңнан астам бейне файлдар жинақталған. Онда сөздердің негізгі жиынтығы, ертегілер, мақал-мәтелдер жиынтығы бар. Авторлар Қазақстан гимнінің де ым-ишарат аудармасын сөздікке енгізді.
Әріптерді дактилдеу ымдау тілдерінде негізінен ерекше атауларды, географиялық атауларды, сондай-ақ ауызша тілдерден алынған нақты терминдерді айту үшін қолданылады. Бұл қимылдар арқылы алфавиттің жеке әріптерін көрсету. Бұл, әдетте, ымдау тілін үйренуге басама ретінде өте жақсы. Ал негізінде, дактилмен сөйлеспейді, ымдау тіліндегі әр сөзге жеке кимыл арқылы сөйлеседі.
Дактилді әліппе. Әр әріпке бір қимыл ишара көрсетіледі.

Қолданылған әдебиеттер:
Глава 2. Как устроена система жестового общения глухих. Лингвистический анализ — Зайцева Г. Л. Жестовая речь. Дактилология: Учеб. для студ. высш. учеб. заведений. Дата обращения: 14 января 2015. Архивировано 15 января 2015 года.
https://www.unipage.net/ru/sign_language
https://otyrar.kz/2017/11/v-rk-razrabotan-pervyj-elektronnyj-slovar-kazaxskogo-zhestovogo-yazyka/
Практикалық бөлім
- Сабақтың практикалық бөлігінде біз Scratch-те сұрақ-жауап ойынын жасаймыз. Бұл сабақта біз саусақ алфавитінде сөздерді дайындаймыз. Алдымен кез-келген сөзді таңдап, Paint-те дактилді әліппе бар кестені пайдаланып, сөздермен суреттер жасаңыз. Кестені жүктеңіз.
- Бейне оқулықты қарап, суреттер жасаңыз.
