3-сабақ
Презентация
Бұл сабақта әр команда өз жұмыстарын бүкіл сыныпқа көрсетеді.
— Командалар білімдерін басқа командалардың ойындары арқылы тексереді. Командалар дайын ойындарын басқа топтарға ойнатып көрсін немесе ойындарын бүкіл сыныппен бірге өтуге тырыссын.
— Презентациялар мен оларды бағалау үшін оқушылар PBL бағалау айдарына жүгіне алады.
— Оқушылар PowerPoint бағдарламасы, видео, интерактивті тақта, блогтар және басқа да мультимедиа арқылы презентациялар дайындай алады. Презентацияның әртүрлі шығармашылық әдістерін қолдануға болады.
Қорытынды
Бұл жобада оқушылар ымдау тілімен танысып, ымдау тілін меңгерудің бастапқы деңгейіне арналған дактильді әліппені үйренді. Білімді бекіту үшін олар Scratch-та ойын ойлап тапты, осылайша базалық деңгейде блоктарды қолдана отырып бағдарламалауды үйренді.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Problem based learning (проблемалық-бағдарлы оқыту)– бұл шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, проблемаға немесе қиындыққа жауап іздеу және жоба бойынша жұмыс істеу арқылы оқушылар білім мен дағдыларды игеретін оқыту әдісі. (сілтеме бойынша өтіңіз сілтеме)
Жобаны бағалау үшін, бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBLrubrics – сілтеме) беріңіз:
– оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсінуі керек,
– оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алуы керек.

