Су тазарту станциясының технологиялық процесін көрсететін модель
Осы жоба аясында оқушылар Ағынды суларды тазарту қондырғыларының қалай жұмыс істейтінін біледі. Оқушылар су сапасының көрсеткіштерін анықтау бойынша зертханалық жұмыстарды орындайды. Сонымен қатар, барлық материалдарды зерттей отырып, олар Ағынды суларды тазарту станциясының жұмыс моделін жасайды.
Су тазарту қондырғысы үшін:
- картон
- қайшы
- сорғы/насос-2 дана
- батарея бөлімі-4 дана
- АА-12 дана батареялары
- редукторы бар мотор (айналатын біліктері бар) - 2 дана
- қозғалтқыштарға арналған дөңгелектер (қақпақтарды да қолдануға болады)
- светодиодтар мен резисторлар-әрқайсысы 6 дана
- мыс сымы-1м
- ыстық желім, өзек
- пластикалық бөтелке - 3 дана
- электрлік таспа
- силикон шланг-2 м
- Белсендірілген көмір - 100 гр
- қиыршық тас/құм-100 гр
- сүзгі қағазы-4 дана
- мақта
- бір рет қолданылатын пластикалық контейнерлер (тікбұрышты) :
- 500мл-1 дана
- 200ml-4дана
- көлемі 500мл-2 дана пластикалық контейнерлер (щеңбер пішінді)
- шырын түтігі-1 дана
- қақпақтар-10 дана
- инфузияға арналған жүйе-2 дана
- шприц 10мл-1 дана
- резеңке (ені 4 - 5см) - 50см
- шпажка-1 дана
- табличка/нұсқаулық-4 дана
- топырақ-50гр
- су
Зертханалық зерттеулер үшін:
- пробиркалар
- қышқылдықты анықтауға арналған индикаторлық қағаз
- хлоридті, сульфатты, фосфатты, нитрат-иондарды анықтауға арналған индикаторлық қағаз
- кальций және натрий иондарын анықтауға арналған индикаторлық қағаз
- судың жалпы кермектілігі мен сілтілігін анықтауға арналған индикаторлық қағаз
