2-сабақ
Жұмыстың мақсаты:
- нан және жаңғақ құрамында майдың бар немесе жоқтығын дәлелдеу
Күтілетін нәтижелер
Жобаны зерттегеннен кейін студенттер:
- Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастыра алады
- алынған ақпаратты талдай және қорытындылай алады
- өз бетінше логикалық қорытынды жасай алады
Мұғалімге арналған нұсқаулық:
- Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
- Зертханалық жұмысты бастамас бұрын мына сілтемені басу арқылы қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
- Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:
Теориялық бөлім
Майлар — ақуыздар мен көмірсулармен бірге жасушаларда міндетті түрде болатын органикалық қосылыстар. Олар май тәрізді органикалық қосылыстардың үлкен тобына, липидтер класына жатады.
Майлар суда ерімейді, бірақ эфир сияқты органикалық еріткіштерде оңай ериді.
Практикалық бөлім
Алдымен қажетті заттарды дайындап алыңыз:
- нан тілімі
- жаңғақтар
- өсімдік майы

1-қадам. Нан тілімі мен жаңғақтардың қажетті мөлшерін ұнтақтаңыз.


2-қадам. Аздап су қосып, алынған қоспаны біртекті массаға айналғанша араластырыңыз.


3-қадам. Мақта таяқшасының көмегімен әр заттың үлгісін алыңыз және фильтр қағазына зиг-заг пішінін салыңыз. Бұл жұмыста өсімдік майы индикаторлық үлгі рөлін атқаратын болады.


4-қадам. Қағаз бетінен су кепкен соң бақылау нәтижелерін алыңыз және дәптерге төмендегі сұрақтарға жауап жазыңыз:
- Фильтр қағазы кепкен соң әр үлгіде қандай өзгерістер байқалды?
- Қорытынды жасай отырып, қай өнім құрамында май бар екендігі туралы айтуға болады?
- Майлардың қандай қасиетіне сүйене отырып, осындай қорытындыға келдіңіз?

Қорытынды
Бұл практикалық жұмыста студенттер майлардың қасиеттерін және өнімдердің құрамындағы бұл заттарды анықтау жолдарын зерттеді. Алынған білім мен дағдыларды болашақта сабақта және күнделікті өмірде қолдануға болады.
