3-сабақ

Жұмыстың мақсаты:

  • Әртүрлі тағамдар құрамында ақуыздарды анықтап, олардың құрамын салыстыру.

Күтілетін нәтижелер

Жобаны зерттегеннен кейін студенттер:

  • Топтық жұмыс дағдыларын қалыптастырады
  • алынған ақпаратты талдауды және қорытындылауды үйренеді
  • өз бетінше логикалық пайымдайды және қорытынды жасайды

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын сілтеме арқылы өтіп қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін сілтемеге өтіңіз:

Қауіпсіздік шаралары:

  • Бөтелкеден реагенттерді алу үшін тамшуырларды пайдаланыңыз.
  • Тәжірибе кезінде зертханалық қолғап киіңіз.
  • Тәжірибе жасағанда химиялық заттарды абайлап ұстаңыз.
  • Тәжірибені бастамас бұрын зертханалық нұсқаулықты қараңыз.
  • Химиялық заттармен және басқа қышқыл ерітінділермен жұмыс істегенде абай болыңыз.

Теориялық бөлім

Ақуыздар – аминқышқылдарынан тұратын және ағза тіршілігінде негізгі рөл атқаратын жоғары молекулалы табиғи органикалық заттар. Ақуыздар ағзада зат алмасуды жүзеге асырады және күрделі жасушалық құрылымдардың – органоидтардың құрамына кіреді.

Ақуыздардың адам ағзасындағы рөлі өте маңызды, өйткені олар ағзадағы ең маңызды процестерге қатысады. Ақуыздарды тұтыну оңтайлы болуы керек, өйткені тағамдағы ақуыздың жетіспеуі де, шектен тыс артуы да адамға зиянды. Ересек адамның орташа қажеттілігі тәулігіне 100 г ақуызды құрайды. Құрамы бойынша тағамдағы ақуыздық заттар шамамен 2/3 жануар текті және 1/3 өсімдік текті болуы керек. Тағамдар арасында ет, балық, жұмыртқа, сүт, жарма және бұршақ дақылдары ақуыздарға бай.

Практикалық бөлім

video
play-rounded-fill

1-қадам. Сынауықтарды нөмірлеңіз. №1 сынауыққа жұмыртқа ақуызының кішкене мөлшерін салыңыз.

2-қадам. №2 сынауыққа кішкене мөлшерде сүт қосыңыз.

Биурет тәжірибесін өткізейік. Тәжірибені бастамас бұрын міндетті түрде қолғап киіңіз. Натрий гидроксидін қолданар алдында абай болған жөн! Биурет сынағы натрий гидроксиді мен мыс сульфатын қосу арқылы өнімнің құрамындағы ақуызды анықтау тәжірибесі болып табылады.

3-қадам. Тамшуырдың көмегімен №1 сынауыққа 5-6 тамшы мыс сульфатын қосыңыз. 

4-қадам. Сынауықты ішіндегі қоспа біртекті болғанша шайқаңыз.

5-қадам. 3 және 4 қадамдарды №2 сынауық үшін қайталаңыз.

6-қадам. Содан кейін №1 сынауыққа 3-4 мл натрий гидроксидін қосыңыз.

7-қадам. Сынауықты шайқаңыз.

8-қадам. №2 сынауыққа 3-4 мл натрий гидроксидін қосыңыз.

9-қадам. Сынауықты ақырын шайқаңыз.

10-қадам. Сынауықтардың  түсінің өзгеруін бақылаңыз. Тәжірибе нәтижелерін жоғарыда көрсетілген суретпен салыстыра отырып, жұмыс парақтарыңызға төмендегі кестені толтырыңыз:


Өнім атауы
Реакция нәтижесінде алынған түсАқуыз концентрациясы

Жұмыртқа ақуызы

Сүт

Төмендегі сұрақтардың жауабын Жұмыс парағына жазыңыз:

  • Тағам құрамында ақуыздың болуын қандай түс көрсетеді?
  • Алынған нәтижелер бойынша, қай тағамда ақуыз көп, ал қайсысында аз?
  • Зат құрамында ақуызды анықтаудың тағы да қандай әдістері бар?

Қорытынды

Бұл практикалық жұмыста студенттер тамақ өнімдерінің құрамындағы ақуыздарды анықтауды үйренді. Алынған білім мен дағдыларды болашақта тікелей күнделікті өмірде қолдануға болады.

Үй жұмысы

  1. Өсімдік және жануар текті өнімдер құрамындағы ақуыз мөлшерін салыстырыңыз, кесте құрыңыз. Зерттеулерден алынған деректерді немесе қолжетімді ақпарат көздерін, сондай-ақ тағамдық жапсырмалардағы ақпаратты пайдалана аласыз.
  2. Ағзада ақуыздардың жетіспеушілігінен қандай аурулар пайда болуы мүмкін? Бірнеше ауруларды және олардың белгілерін сипаттаңыз.