Лабораториялық жұмыс №10: «Өсімдіктердің вегетативті көбеюі. Көкөністерді ас үй қалдықтарынан қайта өсіреміз»
Ас үй қалдықтары жаңа өсімдіктердің көзі бола алады. Бұл тәжірибе өсімдіктердің вегетативті көбеюі және оларды одан әрі өсіру үшін көкөніс қалдықтарын пайдалану мүмкіндігін зерттеуге бағытталған.
| Ұзақмерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| Көбею. Өсу және даму | Вегетативті көбею, оның түрлері және табиғаттағы биологиялық рөлі. Өсімдік шаруашылығында вегетативті көбеюді қолдану. Қалемшелер, мұртшалар, телу, ұлпалар арқылы көбеюі. | 7.2.1.2 өсімдіктердегі вегетативті көбею әдістерін салыстыру |
- Көкөніс қалдықтары (мысалы, картоп, пияз, қырыққабат және т. б.)
- Өсімдіктерді отырғызуға арналған ыдыс
- Тіс тазалағыштар/шпажкалар
- Су
