2-сабақ

Өткен сабақта сіз өз қолыңызбен ірімшік пен йогурт жасадыңыз. Енді соңғы өнімнің қалай шыққанын тексерейік.

1-қадам. Нәтижелерді талқылау. Алынған өнімдердің сыртқы белгілерін сипаттаңыз: сыртқы түрі, иісі, дәмі және консистенциясы. Дайындау кезінде қандай қиындықтар болды?

2-қадам. Жұмыс парағында берліген сұрақтарға жауап беріңіз және қорытынды жасаңыз.

  • Сүттен қалай йогурт пен ірімшік алынады?
  • Йогурт пен ірімшік өндірісінде бактериялар қандай рөл атқарады?
  • Ұйынды мен сарысу дегеніміз не?
  • Сүт өнімдерінің қандай пайдалы қасиеттері бар?

Қорытынды

Зертханалық жұмыс барысында оқушылар ашытылған сүт өнімдерін өндірудің негізгі кезеңдерімен және осы процестегі бактериялардың рөлімен танысты. Олар сондай-ақ йогурт пен ірімшік жасауды үйренді, бұл оқушыларға практикалық дағдыларды иемденуге және осы өнімдерді өндіру процесін жақсы түсінуге мүмкіндік берді.