Лабораториялық жұмыс №13: «Ірімшік пен йогурт қалай жасалынады?»
Сипаттамасы: Зертханалық жұмыс барысында оқушылар ашытылған сүт өнімдерін өндіру туралы білім алады. Олар бұл процестегі бактериялардың атқаратын рөлі туралы білетін болады: сүттегі лактозаны ыдыратып, оны өзіне тән дәмі мен хош иісі бар ашытылған сүт өнімдеріне айналдырады. Сонымен қатар, оқушылар йогурт пен ірімшікті өз бетінше жасай алады.
| Ұзақмерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқу мақсаттары |
| Микробиология және биотехнология | Бактериялардың қолданылуы.Табиғаттағы және адам өміріндегі бактерияның маңызы. Лабораториялық жұмыс: Йогурт және ірімшік өндірісін зерттеу | 7.4.3.2 йогурт және ірімшік өндірісін зерттеу |
- сүт - 1 л
- құрамында тірі пробиотиктері бар йогурт- 100 гр
- лимон қышқылы- 0.5 ш.қ.
- су
- термотұрақты ыдыс
- дәке
- қыздыруға арналған пеш
- қасық
- терең ыдыс
- термоқолғап
