1-сабақ

Жобаның мақсаты 

1. Фольганы жылу оқшаулағыш материал ретінде зерттеу

2. Сұйықтыққа арналған термос жасау

3. Екі сұйықтықтың температурасын зерттеу

Мұғалімге арналған нұсқаулық

– Жобаның эксперименттік бөлімінде оқушылар 3-4 адамнан тұратын топтарда жұмыс істейді.

– Оқушылар жылу/ жылу өткізгіштік/ жылу оқшаулағыш материалдармен танысуы керек.

– Тәжірибелік бөлімді бастамас бұрын, оқушыларға барлық қажетті материалдарды таныстырыңыз және беріңіз.

– Жылу желімімен жұмыс істеу туралы қысқаша нұсқаулық жасаңыз (тек мұғалім пайдаланады). 

 Кеңсе пышағын тек мұғалім пайдаланады.

– Сабақтың басында оқушыларға PBL (project based learning) айдарын түсіндіріңіз. 4К дағдылары (сыни ойлау, коллаборация, креативтілік, презентация)

Steam сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Сабақты бастамас бұрын мұғалімге қауіпсіздік ережелерімен танысуға кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда (ҚЕ-де көрсетілген заттарды пайдаланған жағдайда) оқушыларға қысқаша нұсқама жүргізу. Қауіпсіздік ережелерімен танысу үшін сілтеме бойынша өтіңіз STEAM сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері

Теориялық бөлім

 Құрметті оқушылар, сұрақтарға жауап беріңіз:

1. Жылу дегеніміз не?

2. Жылуды қанша уақыт сақтауға болады?

3. Қандай жылу оқшаулағыш материалдарды білесіз?

3. Курьер қандай контейнерде (сөмке) тамақ жеткізеді?

4. Термос, термоконтейнер дегеніміз не?

Жылу оқшаулағыш материалдар

Жылу ыстық денеден суыққа немесе дененің ыстық бөлігінен суыққа өтеді.

          Жылу өткізгіштік дегеніміз-қатты денелерде жылудың таралуы.

         Жылу оқшаулау (“тепловая изоляция”) – жылу беру процесін азайтатын және құрылымдағы негізгі жылу кедергісі рөлін атқаратын конструкция элементтері. 

Жылу оқшаулағыш материалдар қайда қолданылады?

Практикалық бөлім

Қадам 1. Топтарға бөлініңіз (4-5 оқушыдан). Барлық қажетті материалдармен танысыңыз.

Қадам 2. Пластикалық бөтелкеге белгі жасап, 3 бөлікке кесіңіз.

Қадам 3. Содан кейін үстіңгі бөлігін кесіңіз.

Қадам 4. Сосын шыны бөтелкені пластикпен қосыңыз. Мұны істеу үшін шыны бөтелкені пластиктің ішіне салыңыз да, пластиктің қалған бөліктерін үстіңгі бөлігінен кіргізіңіз. 

!!! Пластикалық және шыны қабаттар арасында бос орын қалуы керек.

Қадам 5. Фольганың 2 бөлігін кесіп, шыны бөтелкені кезең-кезеңмен ораңыз.

Қорытынды

Бұл жобада оқушылар:

– жылу, жылу оқшаулау материалдарды және жылу өткізгіштікті зерттеді

– сондай-ақ термос құрастыра бастады. 

Үй жұмысы

1. Азық-түлік тасымалдауға арналған термобокс (рюкзак) қалай жасауға болатындығы туралы ойланыңыз. 

2. Қандай материалдардан?

3. Келесі сабаққа дейін термосыңызды қалай безендіретіндігіңізді ойлаңыз (жылтыр жапсырмаларды және т. б. қолдансаңыз болады)