2-сабақ
Практикалық бөлім
Қадам 1. Біз термос бөлшектерін қосуды жалғастырамыз.
Шыны бөтелкені пластикпен байланыстырып қосыңыз. Мұны істеу үшін шыны бөтелкені пластиктің ішіне салыңыз-түбіне, ал қалған пластик бөліктерді бөтелкенің үстіңгі бөлігінен кезек-кезек кіргізіңіз.
Платиктердің кесілген жерлерін бір-біріне кигізіңіз, ал пластиктің ең жоғарға бөлігі шыны бөтелкемен тығыз жанасу керек. Барлық түйіндерді таспамен (скотч) ораңыз.


Қадам 2. Әрі қарай, мен екі жақты таспаны (двухсторонний скотч) қолдана отырып, жылтырмен безендіргіңіз келетін жерлерге жабыстырыңыз.


Қадам 3. Содан кейін жабысқақ таспаның бетін алып тастаңыз және жабысқақ аймаққа жылтыр құйыңыз.

Қадам 4. Шыны бөтелкенің қақпағын жабыңыз.
Құттықтаймыз, сіздің термосыңыз дайын!

Зерттеу бөлімі
1. Ыстық суды краннан немесе шәйнектен 2 контейнерге құйыңыз:
– дайын термосқа-термостың қақпағын жабуды ұмытпаңыз
– кружкаға немесе бөтелкеге
Абай болыңыз немесе мұғалімнің көмегіне жүгініңіз!
2. Термометр арқылы температураны өлшеңіз.
3. Уақытты белгілеңіз. Температураны әр 10 минут сайын бір сағат бойы өлшеңіз.
4. Кестені сызыңыз және алынған мәліметтерді кестеге жазыңыз.
| Термос | Кружка немесе қарапайым бөтелке | ||
| Уақыт | Температура | Уақыт | Температура |
5. Қорытынды жасап, мұғаліммен бірге талқылаңыз.
Қорытынды
Осылайша, оқушылар өздерінің термосын жасады және берілген термостың жылу өткізгіштігін зерттеді. Сонымен қатар екі түрлі ыдысқа құйылған ыстық судың температураларын зерттеді.

Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
– Сіз өзіңіз термосты зерттедіңіз, атап айтқанда фольганың жылу өткізгіштігін , сіз нағыз – зерттеуші-ғалымсыз!
– Сіз өзіңіз термос жасадыңыз. Бұл өз кезегінде технологиялық процесс. Құттықтаймыз, Сіз – жас инженер-технолог!
Бағалау


