1-сабақ
Мұғалімге нұсқаулық
– Оқушылар топтарда жұмыс жасайды;
– Бес топқа бөлуге болады;
– Оқушыларды қызықтыратын сұрақтармен сабақты бастаңыз;
– Кейін фотоинструкция бойынша жұмысты бастаңыз;
– Оқушылар 3D макетті екі аптада жасап бітіруі қажет.
Жоба мақсаты
– Күн мен Түннің ауысуын түсіндіретін жердің макетін жасау.
Теориялық бөлім
– Балалар! Күн түннен несімен ерекшеленеді? (күндіз күн жарқырайды, құстар ән айтады, ал түнде аспанда Ай, жұлдыздар, табиғат тыныш күйде қалады)
– Неліктен күн жарық? (өйткені күн аспанда)
– Неге түнде қараңғы? (аспанда күн жоқ)
Практикалық бөлім
Төменде видео және фото нұсқаулық берілген, алдымен видеоны қарап, кейін фото нұсқаулық арқылы жобаны жасауға болады.
Қадам 1. Гофра картондар қиып аламыз, өлшемдері шамамен: 1дана (20х25см), 2 дана картон (25х15), 1 дана (15х20см).

Қадам 2. Терможелімнің көмегімен (25х15) болатын екі дана картонды (20х25см) болатын картонның оң және сол жағына желімдейміз, сонан соң (15х20см) болатын картонды артқы жағына желімдейміз.

Қадам 3. Шамамен суреттегідей болуы қажет.

Қадам 4. Қара түсті картон немесе қағазды А4 өлшемдегі қақ ортасынан қиямыз.

Қадам 4.1. Қара түсті қағаз шығару үшін қара түсті гуашьты алып ақ қағазды бояймыз.

Қадам 5. Көк түсті қағаздыда қақ ортасынан қиямыз.

Қадам 6. Қораптың оң жағына көк түсті картонды желімдейміз.

Қадам 7. Көк және қара түсті қағаздар картонды екі бөлікке бөліп тұруы тиіс.

Қадам 8. Сары және Ақ түсті қағазды алып сурет саламыз. Сары түстен Күн және бірнеше жұлдыздар суретін саламыз. Ақ түстен Ай және бірнеше жұлдыздар және бұлттар суретін саламыз.

Бұл сабақта біз күн жүйеісндегі жердің 3D макетін дайындадық. Келесі сабақта жұмысты аяқтап, жердегі күн мен түннің қалай ауысатынын макеттен көріп түсінетін боламыз.
