2-сабақ
Жұмысты бастамас бұрын өткен сабақты еске түсірейік:
– Сабақтың мақсаты қандай?
– Алдыңғы сабақта не жасап үлгердік?
Қадам 9. Салынған барлық суреттерді қиып аламыз.

Қадам 10. Қораптың көк түс жабыстырылған бөліктің сыртынан суреттегідей дөңгелек сызып аламыз.

Қадам 11. Дөңгелекті қиып аламыз.

Қадам 12. Күнді сол дөңгелектің орынына жабыстырамыз.

Қадам 13. Әрі қарай көк түске бұлттарды жабыстырамыз.

Қадам 14. Айды дәл Күнге қарама-қарсы етіп қоямыз және жұлдыздарды қара түске жабыстырып шығамыз.

Қадам 15. Ай мен Күннің дәл ортасынан Шпажканың көмегімен ойық жасаймыз.

Қадам 16. Шпажка ұзындығын Ай мен Күннің биіктігінен асып кетпейтіндей етіп қысқартамыз және біздің қиып алған дөңгелегімізге желіммен жабыстырамыз.

Қадам 17. Ойықтың астынан шпажканы өткізіп аламыз.

Қадам 18.Дөңгелегіміз қорапқа кедергі келтірмес үшін төрт бұрышына төрт таған картоннан қиып алып желімдейміз.

Қадам 19. Шпажка басына пластилиннен жердің пішін жасап жабыстырамыз, (мына жерде пластилиннің ең қарапайым жер моделі жасалған, өз керегіңізше өзгерістер ендіре бере аласыз).

Қадам 20. Моделіміз дайын (жарық жандыру үшін телефон пайдаланылды).

3D модель дайын, жерді астындағы доңгелек картон арқылы айналдырыңыз. Сол кезде жердің бір бетінде күн түсіп тұрғанын ал екіші жағы қараңғы күйде қалғанын көресіз. Жер айналған сайын жердің әр аймағында күн мен түн қалай ауысып жатқанын көруге болады. Дәл осылай жер өз осінен айналғанда біз күнделікті күн мен түннің ауысуын тамашалаймыз.
Әр топ моделдерін өз қалауларынша өзгерістер енгізе алады және модел толықтай дайын болғанда әр топ өз моделдерін қорғап шығады.
Қорытынды
Жердің моделін жасап қана қоймай Жердегі күн мен түннің ауысуын білді. Яғни, Жер өздігінен айналып Күннің жарығы түспей қалған сәтте түн болатындығын жасап өздері түсіндіріп шығады.
STEAM мәні
Ғылым: оқушылар күн мен түннің өзгеруін анықтау үшін күн мен жер арасындағы байланысты талдайды.
Инженерия: күн мен жердің моделін жасайды.
Математика: оқушылар Жер мен Күннің 3D моделіy жобалау арқылы күн мен түннің өзгеруін түсінеді, яғни тәулік туралы түсінікке ие болады.
Бағалау
PBL бойынша бағалау критерийлері:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту) – бұл оқушылар жобада жұмыс жасау арқылы білім мен дағдыларды игеріп, шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге жауап табу мақсатында оқыту әдісі.


