2 апта
Бөлшектерді дайындау
Осы аптада оқушылар бөлшектерді (бөшке, үй, ауыстырғыш тірек және суару құбырлары) жоспарлау және өндіру бойынша жұмыс жасайды. Бұл сабақ инженерлік объектілерді жобалау мен құрастыру туралы түсініктерді дамытуға және шығармашылыққа бағытталған.
Балаларға айтыңыз:
Сендер бөлшектерді дайындаумен айналысасыңдар (бөшке, үй, ауыстырғыш тірек және суару құбырлары). Тапсырмаларды өзара бөліңдер. Сізге мысалдар мен суреттермен бөлшектерді жасау бойынша нұсқаулық беріледі. Дизайнды одан ары жақсарту туралы ойланыңыз. Сендер дизайн бөлшектерін өзгерте аласыңдар және жобаға жаңа нысандарды қоса аласыңдар.
2.1 Суды сақтауға арналған бөшке жасау.
Бұл жобадағы бөшке суды сақтау үшін қажет. Оны суару орнына жақын орналастырған жөн. 0,5 л пластикалық бөтелкені алып, жоғарғы бөлігін кесіңіз.

Бөшке үшін алынған дайындаманың биіктігін өлшеп, оны пайдаланып, картон жабындысын дайындаңыз. Пластикалық бөтелкенің бөлшегін термопластикалық желімді пайдаланып сыртынан картонмен жабыстырыңыз.

Біздің нәтиже:

Құрастырылған бөшкені суару аймағының жанына қойып, суретте көрсетілгендей қорапқа желімдеп жапыстырыңыз

2.2 Үйді жасау
Үй макетін картон бетінде сызып алыңыз . Үйдің өлшемдері келесі суретте көрсетілген.

Үйдің макетін келесі суретте көрсетілгендей, қызыл сызықтарға қарап отырып кесіп алыңыз.

Келесі бөлшек шығуы керек

Үй қабырғасының шеткі бөлігін, картонның қарама-қарсы жағында орналасқан үйдің ішкі қабырғасына желімдеп (сары түсті көрсеткішпен көрсетілген) үй корпусын жинаңыз.

Картонның бір бөлігіне үй шатырының макетін салыңыз. Шатырдың өлшемі келесі суретте көрсетілген:

Суретте көрсетілген қызыл сызықтарға сәйкес шатырдың макетін кесіңіз.

Келесі бөлікшектер шығуы керек (шатырдың оң жағындағы тесік күн батареясының кабельдерін жүргізу үшін қажет).

Шатырыңызды үйдің корпусына желімдеп, жапыстырыңыз.

Шыққан бөлікті суретте көрсетілген аймаққа жабыстырыңыз

2.3 Ажыратқышқа(переключатель) арналған тіреуіш жасау
Картонның бір бөлшегіне тіреуіштің макетін сызыңыз. Тіреуіштің өлшемі келесі суретте көрсетілген:

Тіреуіш макетін суретте көрсетілген қызыл сызықтарға сәйкес кесіңіз

Келесі бөлшек шығуы керек

Шыққан бөлікті суретте көрсетілген аймаққа жабыстырыңыз

2.4 Суаруға арналған құбырларды жасау
Шырын ішуге арналған түтіктерді алыңыз да, келесі пішінді құбыр жасаңыз

Құбырларды желімдеу үшін термопластикалық желімді қолдануға болады. Желім қабатын әр қолданғаннан кейін, желімнің кебуін шамамен бір минут күтіңіз. Солай құбырлар бір-біріне жақсырақ жабысады. Толық нұсқауды бейне роликте көре аласыздар
