2-сабақ
Сабақтың басында өткен сабаққа бірнеше сұрақтар қойыңыз (3-5 минут):
1. Стетоскоп дегеніміз не?
3. Өткен сабақта не жасадыңыз?
4. Жүрек минутына қанша соққы береді? Жүрек соғу жиілігі.
Екінші аптада сіз рация жасайсыз (үй қабылдағышы-телефон), сонымен қатар сыныптастарыңыздың жүрек соғысын зерттейсіз.
Практикалық бөлім
Қадам 1. Рация үшін барлық қажетті материалдармен танысыңыз

Қадам 2. Шпажканың өткір ұшын пайдаланып, стақанның түбіне кішкене тесік жасаңыз


Қадам 3. Содан кейін жіпті кіргізіңіз

Қадам 4. Таяқшаның (шпажка) кішкене бөлігін кесіп, арқанды (жіпті) таяққа байлаңыз

Құттықтаймыз, сіздің рацияңыз дайын!!!

Сіз рацияны тестілеуден өткізетін кезде, мына жайттарды ескерген жөн:— стакандар арасындағы жіп керіліп тұру қажет (жалпы салбырап тұрмау керек)- жіпке және стақанға бөгде заттар тигізбеу керек
Зерттеу бөлімі
1. Стетоскоп. Әр оқушы стетоскопты қолдана отырып, сыныптастарының жүрек соғысын тыңдайды және жүрек соғу жиілігін, яғни минутына қанша соққы беретінін есептейді. Соққылардың санын дәл анықтау үшін тыныштықты сақтаңыз.
2. Рация. Жұппен жұмыс. Рацияны алыңыз. Бір оқушы сыбырлап сөз немесе сөз тіркесін айтады, ал екіншісі дыбысты қабылдаған оқушы не айтылғанын анықтауы керек. Содан кейін олар алмасады.
3. Талқылау: сіздің стетоскопыңыз қалай жұмыс істейді және дыбысты не арқылы жеткізеді. Рация қалай жұмыс істейді?
Қорытынды
Осылайша оқушылар дыбысты зерттеп, медициналық құрылғы-стетоскоп, сонымен қатар дыбыстық қабылдағыш — рация жасады.
Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:
— Сіз дыбысты өзіңіз зерттедіңіз, атап айтқанда дыбыстық толқындар, дыбыс көздері және дыбыс қабылдағыштар, сіз нағыз зерттеуші ғалымсыз!
— Сіз өзіңіз, стетоскоп пен рация жасадыңыз. Бұл өз кезегінде технологиялық процесс. Құттықтаймыз, Сіз — жас инженер-технолог!
— Сонымен қатар сіз сыныптастарыңыздың жүрек соғу жиілігін өзіңіз өлшедіңіз, сіз болашақ кардиологсыз!
Бағалау


