4-сабақ
Презентация
Осы сабақта жобалық жұмысты аяқтағаннан кейін оқушылардан сыныптастарына жобаның дизайны мен нәтижелерін ұсынуды сұраңыз. Оқушылар бейнелерді, интерактивті тақталарды, блогтарды және басқа медианы пайдалана алады. Презентацияның әртүрлі шығармашылық әдістерін қолдануға болады
Әр топ өз дизайнымен жасаған ЭО-ты ұсынуы керек.
Қорытынды
Бұл жобада оқушылар электронды оқулықтар туралы көбірек білді . Оқушылардың көпшілігі ақпаратты көрнекі түрде жақсы қабылдайды, әсіресе ол сапалы түрде жасалған болса. Бұл бағдарламалар әр оқушыға дайындық деңгейіне қарамастан білім беру процесіне белсенді қатысуға, оқу процесін даралауға, өзін-өзі бақылауға мүмкіндік береді.
Бағалау
PBL бағалау критерийі:
Project based learning (жобаға бағытталған оқыту)-шынайы, қызықты және күрделі сұраққа, мәселеге немесе сынаққа зерттеу және жауап табу үшін 3 немесе 4 апта бойы бір жобада жұмыс істеу арқылы білім мен дағдыларды меңгеретін оқыту әдісі (әрі қарай PBL Rubrics сілтемесіне өтіңіз айдар бойынша).

