8 сынып. 3 лаб. Сабақ

Зертханалық жұмыстың тақырыбы: Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу

Жұмыстың мақсаты

  • Тізбектей жалғанған аспаптардан тұратын тізбектің әртүрлі бөлігінде ток күші бірдей екеніне көз жеткізу;
  • Тізбектің әртүрлі бөлігіндегі кернеуді өлшеуді үйрену. 

Күтілетін нәтижелер:

  • Тізбектей жалғанған кезде ток күші тізбектің әртүрлі бөліктерінде бірдей;
  • Кернеуді өлшеу үшін, вольтметр тізбекке параллельді жалғану керек.

Мұғалімге арналған нұсқаулық:

  • Оқушыларды әр топта 3 оқушыдан болатындай етіп бөлу.
  • Зертханалық жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік ережелерімен танысыңыз:
  • Жұмыс парағын жүктеп алу үшін мына сілтеме бойынша өтіңіз:

Теориялық бөлім

  Ток күші — дегеніміз өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында өтетін зарядтың сол уақытқа қатынасына тең физикалық шама. Келесі формула арқылы есептеледі:

мұндағы, I – ток күші, q – өткізгіштің көлденең қимасы арқылы өтетін заряд, t – зарядтың өткен уақыты. 

Тізбек бөлігіндегі кернеу  – осы бөліктегі бірлік зарядтың орнын ауыстыруы кезіндегі атқарылатын ток жұмысына тең физикалық шама. Келесі формула арқылы есептеледі:

мұндағы, U – кернеу, A – зарядтардың орын ауыстыруы кезінде электр өрісінің атқаратын жұмысы, q – заряд.  

Дереккөздер:

  1. Электр тізбегі және оның құрамдас бөліктері, ток күші, кернеу. (2018). Физика. Жалпы білім беретін  мектептің 8-сыныбына арналған оқулық.

Практикалық бөлім

Тәжірибе 1. Ток күшін өлшеу. 

Жұмыс барысы:  

1-қадам. Амперметрдің бөлік құнын анықтаңдар, алынған нәтижені кестеге енгізіңдер. 

2-қадам. 

Фотода көрсетілгендей тізбек құрастыр. Кілтті тұйықтаңдар. Амперметрдің көрсеткішін алыңдар, нәтижесін кестеге енгізіңдер. 

3-қадам. 

Тізбектегі амперметрдің күйін фотода көрсетілгендей өзгертіп, көрсеткішін жазып алыңдар. 

4-қадам. 

Тізбектегі амперметрдің күйін фотода көрсетілгендей өзгертіп, көрсеткішін жазып алыңдар.

5-қадам. Алынған нәтижелерді салыстырыңдар, қорытынды жасаңдар. 

Тәжірибе 2. Кернеуді өлшеу. 

Жұмыс барысы:  

1-қадам. Вольтметрдің бөлік құнын анықтаңдар, алынған нәтижені кестеге енгізіңдер. 

2-қадам. 

Фотода көрсетілгендей тізбек құрастыр. Кілтті тұйықтаңдар. Вольтметрдің көрсеткішін алыңдар, нәтижесін кестеге енгізіңдер. 

3-қадам. 

Тізбектегі вольтметрдің күйін фотода көрсетілгендей өзгертіп, көрсеткішін жазып алыңдар. 

4-қадам. 

Тізбектегі вольтметрдің күйін фотода көрсетілгендей өзгертіп, көрсеткішін жазып алыңдар.

5-қадам. 

Тізбектегі вольтметрдің күйін фотода көрсетілгендей өзгертіп, көрсеткішін жазып алыңдар.

6-қадам. Алынған нәтижелерді салыстырыңдар, қорытынды жасаңдар. 

Зерттеу бөлімі

Амперметрдің бөлік құныI1, АI2, АI3, А
    
Вольтметрдің бөлік құныU1, ВU2, ВU3, ВU, В
     

Қорытынды жасау барысында, осы сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Тізбектің әртүрлі бөліктеріндегі кернеулердің әртүрлі мәндері туралы қандай ойларың бар?
  • Тізбектің қай бөлігінде кернеу ең үлкен, ал қай бөлігінде ең кіші мәнге ие?
  • Тізбектің екі бөлігіндегі кернеу әрқайсысындағы кернеулердің қосындысына тең деп айтуға бола ма?

Қорытынды

Тізбекті қосылымдағы ток күші тізбектің әртүрлі бөліктерінде бірдей. Тізбектей жалғанған кездегі кернеу әртүрлі және жалпы кернеу тізбектің жеке бөлімдерінің кернеулердің қосындысына тең. Кернеуді өлшеу үшін вольтметрді параллель қосу керек.