Жұмыс туралы ақпарат:
Осы зертханалық жұмыс барысында оқушылар тәжірибе арқылы электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеп үйренеді.
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі | Үлгілік оқу бағдарламасының (МЖМБС) бөлімшелері | Оқыту мақсаттары |
| Тұрақты электр тогы | Зертханалық жұмыс № 3. Электр тізбегін жинау және оның әртүрлі бөліктеріндегі ток күші мен кернеуді өлшеу | Тізбектей жалғанған аспаптардан тұратын тізбектің әртүрлі бөлігінде ток күші бірдей екеніне көз жеткізу; Тізбектің әртүрлі бөлігіндегі кернеуді өлшеуді үйрену. |
• Ток көзі
• Шам
• Өткізгіш сымдар
• Резистор
• Кілт
• Амперметр
• Вольтметр
