1 апта
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Оқушылар «Сандар және амалдар» тақырыбымен таныс болуы керек
Мақсат
- Сандар және амалдар тақырыбын түсінуді жетілдіру
- Логикалық ойлауды дамыту
- Компьютер тілі туралы негізгі білімді дамыту (екілік санау жүйесі)
Жұмысты бастамас бұрын қауіпсіздік шараларын оқыңыз [ қауіпсіздік ережелері ].
Кіріспе
Компьютер – бұл бағдарламалауға болатын электрондық машина. Ол ақпаратты өңдейді және есептеулер жүргізеді [1].

Бүгінгі таңда компьютерлер адамдар пайдаланатын көптеген құрылғыларда қолданылады. Мысалы, микротолқынды пештер, ұялы телефондар, кір жуғыш машиналар, дербес компьютерлер.

Компьютердің жұмыс істеу принципі
Біздің суретті, дыбысты, мәтінді және басқа ақпаратты көру және сезінуіміз компьютердікінен айтарлықтай өзгеше. Компьютердегі ақпарат нөлдер «0» және бірліктер «1» түрінде сақталады, беріледі және өңделеді. Басқаша айтқанда, компьютер екілік кодты және екілік санау жүйесін пайдаланады. [2].

Мысалы, «Hello» сөзін компьютер «01001000 01100101 01101100 01101100 01101111» түрінде көреді, ал «5» санын «101» түрінде көреді.
Қолданылған әдебиет:
[1] https://htfi.ru/po/chto_takoe_kompyuter.html
[2] http://it-uroki.ru/uroki/urok-3-kak-rabotaet-kompyuter.html
Практикалық бөлім
Оқушыларға айтыңыз:
Компьютер тілінде сандарды жазуды үйренейік. Содан кейін туған күндеріңді компьютер тілінде жазасыңдар.
Тақтада мысалды көрсетіңіз:
Мысал
Әйгерімнің туған күні 10-шы маусым. Маусым – жылдың алтыншы айы, сондықтан біз келесі сандарды жазуымыз керек: 10 және 6.
1-кезең
Тақтаға келесі сандарды арасында бос орын қалдырып жазыңыз: 16, 8, 4, 2, 1

Бірінші табу керек сан – 10. Оқушылардан сұраңыз:
Тақтада жазылған сандарды және қосуды ғана пайдаланып, 10 санын қалай табуға болады?
8 бен 2-ні қосу арқылы 10 санын аламыз.
8 + 2 = 10

Енді біз пайдаланған сандардың астына 1 санын жазамыз

Бірінші тұрған 1-ден кейін солдан оңға қарай біз пайдаланбаған сандардың астына 0-дерді қоямыз

Екінші жазылатын сан 6. Тақтада жазылған сандарды пайдаланып 6-ны табу үшін 4 пен 2-ні қосуға болады.
4 + 2 = 6
Қолданылған сандардың астына 1-ді жазамыз

Бірінші 1-ден кейін солдан оңға қарай біз пайдаланбаған сандардың астына 0-дерді қоямыз

10 және 6 сандарын компьютер тілінде жаздық (екілік санау жүйесі арқылы):
1 0 1 0
1 1 0.
Мысалды талқылап болған соң, оқушыларға өздерінің туған күні мен айын екілік сандық жүйеде бөлек парақтарда жаздырыңыз. Нәтижелерді тексеру үшін кестені жүктеп алыңыз [ жүктеу ].
2-кезең
Келесі қезеңде оқушыларға компьютердің суреті бар парақтарды таратыңыз [ жүктеу ]. Оқушылардан шамдар арқылы өздеренің туған күні мен айын көрсетуді ұсыныңыз. Оқушылар компьютер экранында тапқан сандарының санына қарай шамдарды суреттеп салуы керек. Келесі суретте 10 және 6 (10 маусым) үшін мысал көрсетілген.

Оқушыларға шамдарды салу қиын болса, трафареттерді пайдалануға болады [ трафареттерді жүктеу ]. 1 санының орнында тұрған шамдарды сары түске бояу керек, ал 0 орнында тұрған шамдарды түссіз қалдырамыз. Сары және қара түсті қарындаштарды қолданыңыз.

