2 апта
Басқа оқушының туған күнін табуға арналған ойын.
Оқушылар өздерінің туған күндерін шамдар арқылы көрсеткеннен кейін олармен туған күнді табу ойынын ойнаңыз. Оқушыларды тақтаға шақырып, оларға басқа оқушының суреттеген шамдары бар парақты беріңіз. Оқушылар сурет арқылы басқа оқушылардың туған күндерін табуы керек.
Мысал.
Төмендегі суретте компьютер тілінде оқушының туған күні мен айы көрсетілген

Оның туған күнін табу үшін алдымен бір қатарда арасында бос орын қалдырып 16, 8, 4, 2, 1 сандарын жазу керек.

Әрі қарай тақтадағы сандар астына оңнан солға қарай шамдармен көрсетілген сандарды (сары шам 1-ді, сөнген шам 0-ді көрсетеді) жазу керек. Алдымен жоғарғы шамдар үшін жазамыз:

Келесі жолда төменгі шамдар үшін жазыңыз (оңнан солға қарай):

Астында 1 саны бар сандарды жоғарыдан қайта жазып, араларына «+» қояйық
8 + 2
4 + 2
Нәтижесін тапсақ, оқушының туған күні мен айын көреміз
8 + 2 = 10
4 + 2 = 6
Демек, оқушы 6-шы айдың 10-шы күнінде дүниеге келген.
Қорытынды
Бұл жоба бойынша оқушылар сандар және амалдар тақырыбы бойынша түсініктерін жетілдірді. Сонымен қатар оқушылар компьютердің негізгі жұмыс істеу принципімен және екілік санау жүйесімен танысты.


