1 апта

Мақсаты

  • Тұрмыстық химиялық заттардың құрамын зерттеу. 
  • Тұрмыстық химиялық заттардың адамға әсерін зерттеу.
  • Тұрмыстық химиялық заттардың қоршаған ортаға әсерін зерттеу.       

Күтілетін нәтижелер

Жобаны зерттегеннен кейін оқушылар:

  • мұғаліммен жақсы қарым-қатынас жасай алу және топта, жұпта жұмыс істеу
  • ақпаратты талдау және жалпылау
  • оқуға деген жауапты көзқарас қалыптасады
  • білім алу барысында коммуникативтік қабілеттер қалыптастырылатын болады
  • өз бетінше логикалық пайымдау және қорытынды жасау
  • тұрмыстық химиялық заттардың барлығы бірдей пайдалы емес екеніне көз жеткізеді
  • өз қолымен кір жуатын ұнтақ және ыдыс жуатын сұйықтық жасай алу
  • экологиялық таза заттардың құндылығын түсініп, болашақта пайдалы заттарды қолдануға ынтасы артады.

Жоба барысында үйренесіз:

  • тұрмыстық химиялық заттардың құрамына талдау жасауға;
  • тұрмыстық химиялық заттардың адамға және қоршаған ортаға әсерін бағалау;
  • кір жууға арналған ұнтақты және ыдыс жууға арналған сұйықтықты қолдан жасау.

Пәнаралық байланыс: 

  •  Химия (тұрмыстық химиялық заттарға химиялық тәжірибелер жасау)
  •  Физика (тұрмыстық химиялық заттардың тұтқырлығы және коррозияға әсері)
  •  Биология (тұрмыстық химиялық заттардың адамға әсері)
  • Көркем еңбек (қолдан тазартатын құралдар жасау)

Мұғалімге арналған нұсқаулық

  1. Жобаны бағалау үшін, бірінші аптада оқушыларға осы материалды (PBLrubrics) беріңіз:
  • оқушылар қандай критерийлер бойынша дайындалу керектігін алдын ала түсіну үшін,
  • оқушылар өз әріптестеріне тиісті баға бере алу үшін.
  1. Сабақтың басында ұсынылады:

– жобаға деген қызығушылықты ояту үшін бірнеше “жетекші сұрақтар” қойыңыз:

  • Тұрмыстық химиялық заттарға не жатады?
  • Олардың қандай пайдалы жақтары бар?
  • Олардың қандай зиянды жақтары бар?
  • Оларды қаншалықты жиі қолданасыздар?

3. Оқушыларды топтарға бөліңіз.

Теориялық бөлім

Химия – жаратылыстанудың маңызды салаларының бірі. Біз әр үйде кездесетін химия өнеркәсібінің жеке саласын – тұрмыстық химияны қарастырғымыз келеді. Таңдалған тақырыптың өзектілігі – тұрмыстық химияны қолдану өте ыңғайлы, тез, практикалық және керемет нәтиже береді. Күнделікті өмірде біз үй жұмысын едәуір жеңілдететін әртүрлі химиялық заттарды кеңінен қолданамыз. Бірақ олар бізге қандай да бір мөлшерде өз зиянын тигізеді. 

Тұрмыстық химия үйді таза ұстауда жақсы көмектеседі. Алайда, тұрмыстық химия құралдарымен тазалықты сақтай отырып, біз оның денсаулығымызға тигізетін зиянын жете бағаламаймыз. Кір жуғыш заттардың көпшілігінде денсаулыққа ғана емес, қоршаған ортаға да қауіпті полифосфаттар бар. Беттік белсенді заттар (ПАВ), хлор, көмірқышқыл газы, азот оксидтері, фенол, формальдегид, ацетон, аммиак, ферменттер, ағартқыштар, абразивті заттар, хош иістендіргіштер – бұл барлық жерде қолданылатын тұрмыстық химияның құрамындағы химиялық заттардың тізімі. (кір жуғыш заттар, киім тазалағыштар, үй тоқыма бұйымдары, әр түрлі және парфюмерия (ауа тазартқыштар, хош иісті шамдар және қазіргі кездегі сәнді хош иісті заттардың басқа түрлері)). Бұл компоненттердің барлығы биологиялық тұрғыда агрессивті. Мұндай химиялық заттармен қоршаған ортаның ластануы дерматит, аллергия, бронх демікпесі сияқты аурулардың дамуына ықпал етеді.

Сонымен қатар, тұрмыстық химияның тағы бір қаупі – оны шамадан тыс пайдалану пайдалы микрофлораны әлсіретеді, тіпті жояды. Гипотеза бойынша, планета тұрғындары арасында аллергияның тез таралуының себептерінің бірі – біздің қазіргі тіршілік ету ортамыздың шамадан тыс стерильділігі, бұл адамның иммундық жүйесінің қалыпты қалыптасуының бұзылуына әкеледі.

Статистика бойынша тек 3% — адамдар тұрмыстық химияның құрамына мән береді, гипоаллергенді препараттарды, ұнтақтарды емес, гельдерді таңдауға тырысады.

46%- тұрмыстық химия аллергия, жөтел, дерматит түрінде денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін деп санайды, бірақ тазартудың балама әдістері қарастырмайды.

51%- бұл мәселе туралы ойланбайды, жарнама мен өндірушілерге сенеді.

АтауыСипаттамасы
Беттік белсенді заттар (ПАВ)Беттік белсенді заттар жуғыш зат ретінде қолданылады, олар көбік түзеді. Дегенмен, мол көбік ластаушы заттарды сапалы жууға және жуылған беттің қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Фазалық интерфейске шоғырланған кезде беттік керілудің төмендеуіне әкелетін химиялық қосылыстар. 
ГлицеринТүссіз, тұтқыр, гигроскопиялық сұйықтық, суда ериді. Көптеген заттарды жақсы ерітеді. Қол терісіне басқа компоненттердің жағымсыз әсерін жұмсартады. 
Ас тұзы (NaCl)Натрий хлориді көбінесе ыдыс жуғыш заттарды қоюлату үшін қолданылады.
БояғыштарБояғыштар өнімнің сыртқы түрімен, қаптамасымен және хош иісімен үйлесімділікке қол жеткізу үшін, қажетсіз реңктерді жасыру үшін, тұтынушыны тарту және таңдауды жеңілдету үшін енгізіледі. Косметикалық өнімдерде қолдануға рұқсат етілген бояғыштар үш кіші топқа бөлінеді. Соған сәйкес токсикологиялық талаптар да ерекшеленеді.
Хош иістерӨнімнің жағымсыз иісін жасырып, жақсарту үшін қолданылатын қоспалар. Бұл жазудың астында көптеген заттар жасырылуы мүмкін және өндірушілер олардың толық құрамын ашуға міндетті емес. Олардың көпшілігі тітіркендіргіштер, аллергендер, мигрень, астма ұстамаларын тудыруы мүмкін, сонымен қатар ғалымдардың пікірінше, эндокриндік ауруларды тудыруы мүмкін.
Су (сутегі оксиді)Түсі, иісі және дәмі жоқ (қалыпты жағдайда) мөлдір сұйықтық түріндегі химиялық зат. Су өнеркәсіпте еріткіш ретінде қолданылады. Көп мөлшерде жүректе, бүйрек пен бауырда ауырлық тудырады.
Бактерияға қарсы компонентӘртүрлі микроорганизмдердің дамуына кедергі келтіріп, гигиеналық тазалық беретін арнайы қоспалар. Жоғары концентрацияда зиянды бактерияларды ғана емес, пайдалы микроорганизмдерді де жойып жібереді.
Кешен түзуші Суды жұмсарту үшін керек. Кешенді түзуші агенттер (натрий полифосфаттары, натрий цитраты, нитрилотриацетат, цеолиттер, поликарбоксилаттар).
Этилендиаминтетрацет қышқылы (EDTA)Өнімнің құрамындағы кейбір қауіпті заттардың тері қабаттарына енуін күшейте алады. Бұл қоспа қасиетке ие комплекс түзуші, металл иондарын байланыстырады, үлкен көбіктің пайда болуына ықпал етеді, дегенмен оның аз мөлшері сіздің ыдыс-аяқтарыңыз аз таза болады дегенді білдірмейді. 
фосфат қоспаларыБеттік белсенді заттардың уытты қасиеттерінің едәуір артуына әкеледі. Олар терінің микротамырларына еніп, қанға сіңіп, бүкіл денеге таралады. Бұл қанның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне және иммунитеттің бұзылуына әкеледі.

Ыдыс жууға арналған сұйықтықтың сонымен қатар сутегі иондарының (рН) белсенділік көрсеткішінің мәні қандай болатынына байланысты. Бұл көрсеткіш өнімнің бейтарап немесе сілтілі немесе қышқылдық реакциясы бар-жоғын сипаттайды. Тиісінше, РН қауіпсіздіктің маңызды көрсеткіші болып табылады, өйткені ыдыс-аяқты қолмен жуу кезінде құрал қолдың терісіне тікелей әсер етеді. ГОСТ-қа сәйкес, пайдалану кезінде қол терісімен байланысы бар құралдар үшін рН көрсеткішінің мәні 4,0-ден 11,5-ке дейін болуы керек. Алайда, жиі қолданылатын құралдар үшін, әсіресе ыдыс-аяқты жуған кезде, РН 6,0 – 7,0 бейтарап мәніне жақын болғаны дұрыс. 

Ыдыс жууға арналған сұйықтықтың биологиялық объектілерге әсері

Ыдыс жууға арналған сұйықтықтың пайдаланылған ерітінділері жойылғаннан кейін топыраққа, су қоймаларына түседі, онда олар экожүйе айналымына қосылады. Ыдыс жууға арналған сұйықтық ыдыс-аяқты мұқият шайғаннан кейін де адамның асқазан-ішек жолына түсіп, ішек микрофлорасына әсер етеді. Егер адам ағзасына таза шайылмаған ыдыстан ыдыс жууға арналған сұйықтық түссе, онда асқазан қабырғаларының айналасындағы қорғаныс қабығы жұқарады. Нәтижесінде асқазан жарасы дамиды. Ең қауіпті беттік белсенді заттар-аниондар иммунитеттің бұзылуын, аллергияны, мидың, бауырдың, бүйректің, өкпенің зақымдалуын тудырады. Есіңізде болсын, жуғыш заттарды қолданған кезде беттік белсенді заттар сіздің денеңізге енеді, өйткені ыстық суда он рет шаю да ыдыс-аяқты химиялық заттардан толығымен тазартпайды. Зиянды әсерді азайту үшін беттік белсенді заттардың мөлшері 5% – дан аспайтын құралдарды қолданыңыз.

Дерек көздері:

  1. Правильный подход в выборе бытовой химии – Бытовая химия в нашем доме и альтернативные способы уборки – Кружок юных натуралистов г. Кемерово – Фауна (unnat42.ru)
  2. Анализ жидких средств для мытья посуды. | Образовательная социальная сеть (nsportal.ru)
  3. ИЗУЧЕНИЕ СОСТАВА И СВОЙСТВ ЖИДКИХ СРЕДСТВ ДЛЯ МЫТЬЯ ПОСУДЫ (school-science.ru)

Практикалық бөлім 

Практикалық бөлімде ыдыс жуатын сұйықтықтар мен кір жуатын ұнтақтарды түрлі тәжірибелерден өткізу арқылы сапасын тексеріп, қоршаған ортаға қалай әсер ететініне көз жеткізетін боламыз.

Бірінші аптада ыдыс жуатын сұйықтықтарға тәжірибелер жасаймыз. Тәжірибелерде 4 түрлі сұйықтық қатысады. Олар: Капля, Миф, Effect, Fairy. Сіздер өз қалауларыңыз бойынша басқа сұйықтықтармен алмастыра аласыздар.

Тәжірибе  №1. Ыдыс жууға арналған құралдардың құрамындағы ерітінділердің теріге әсерін зерттеу

Қадам 1. Барлық қажетті материалдармен танысыңыз.

  • тауық терісі 
  • пластик соусница – 5 дана
  • капля 
  • миф 
  • Effect 
  • Fairy 
  • су
  • А4 қағаз – 1 дана

Қадам 2. Тауық терісін 3*2 см көлемде 5 бөлікке бөліңіз. 

Қадам 3. Соусницаға әр ыдыс жуатын сұйықтықты 15 мл сумен араластырыңыз. Және бесінші пластик соусницаға таза су құйыңыз. Бұл басқа сұйықтықтармен салыстыруға қажет.

Қадам 4. Осы соусницаларға тауық терілерін саламыз.

Қадам 5. 1 сағат уақытқа салып қоямыз.

Қадам 6. 1 сағат уақыт өткеннен кейін тауық терілерін алып, ақ параққа орналастырамыз.

Қадам 7.  Тәжірибе аяқталғаннан кейін қорытынды жасаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Тауық терілерінің түстері алғашқы түрлерінен қалай өзгерген?
  • Тауық терілерінің қалыңдығы алғашқы түрлерінен қалай өзгерген?
  • Тауық терілерінің әр түрлі өзгерісіне қарап, оның адам терісіне қалай әсер ететіне қорытынды жасаңыз.

Тәжірибе  №2. Тұтқырлықты анықтау. 

(Бұл тәжірибе ыдыс жуатын сұйықтықтың ыдысты жуғанда қаншалықты тез жуылатынын көрсетеді. Тұтқырлықтың жоғары көрсеткіші адам денсаулығы үшін жақсы көрсеткіш емес, өйткені тазартқыш құралдарда тығыздығын арттыру үшін өндірушілер натрий хлоридін пайдаланады, бұл өз кезегінде терінің қатерлі ісігін тудыруы мүмкін.)

Қадам 1. Барлық қажетті материалдармен танысыңыз.

  • пластик соусница – 4 дана
  • капля
  • миф 
  • Effect
  • Fairy
  • секундомер

Қадам 2. Соусницаның жоғары жағынан ыдыс жуатын сұйықтықтан құямыз.

Қадам 3. Әр ыдыс жуатын сұйықтық үшін осы процессті қайталаймыз.

Қадам 4. Секундомер арқылы қай сұйықтық қанша уақытты толығымен ағып, ыдыстың төменгі жағына жететінін есептеңіз.

Қадам 5. Есептеліп алынған уақыттарды төмендегі кестеге жазып шығыңыз.

АтауыУақыты
Капля
Effect
Миф
Fairy

 Қадам 6.  Тәжірибе аяқталғаннан кейін қорытынды жасаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Неге әр сұйықтық әр түрлі жылдамдықта ақты?
  • Тұтқырлықтың жоғары болуы адам үшін қандай зиян тудыруы мүмкін?

Тәжірибе  №3. Ыдыс жууға арналған сұйықтықтардың РН анықтау

(Қол терісі үшін ең қолайлы рН = 7)

Қадам 1. Барлық қажетті материалдармен танысыңыз.

Қадам 2. Әр соусницаға бір тамшы ыдыс жуатын ерітіндіден құйыңыз.

Қадам 3. Соусницаларға бірдей мөлшерде су құйып шығыңыз.

Қадам 4. Индикаторларды соусницағы қоспаларға бірнеше секундқа салып, РН тексеріңіз.

Қадам 5. Индикатор қағаздарын ақ қағаздың үстіне қойып, РН эталонды шкала арқылы РН есептеңіз.

Қадам 6. Төмендегі кестеге әр сұйықтықтың РН нәтижесін толтырыңыз. 

АтауыРН Орта(сілтілі, бейтарап, қышқылды)
Капля
Effect
Миф
Fairy

 Қадам 7.  Тәжірибе аяқталғаннан кейін қорытынды жасаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:

  •  РН нәтижесіне қарап, әр ыдыс жууға арналған сұйықтықтың қандай ортаға жататынын анықтаңыз (сілтілі, бейтарап немесе қышқыл)?
  • Сұйықтықтардың РН шкалаларын өзара салыстыру арқылы қандай ой түйдіңіз?
  • Осы қарастырып отырған сұйықтықтардың ішінде қайсысының адамға зиянды әсері төмен, қайсысында жоғары?

Тәжірибе   №4. Ыдыс жууға арналған сұйықтықтың темір заттардың коррозия процестеріне әсері.

Қажетті материалдар:

Қадам 1.  Барлық қажетті материалдармен танысыңыз. 

  • пробирка – 4 дана
  • капля 
  • миф
  • Effect 
  • Fairy 
  • су
  • шеге – 4 дана

Қадам 2. Пробиркаларға бірдей көлемде су құйып шығыңыз.

Қадам 3. Үстіне ыдыс жуатын сұйықтықтан 2-3 тамшы тамызып, араластырыңыз.

Қадам 4. Шегелерді бір-бірден пробиркаларға салып шығыңыз.

Қадам 5. Шеге салынған пробиркаларды 2 аптаға қалдырыңыз.

Қадам 6.  Тәжірибе аяқталғаннан кейін қорытынды жасаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Шегелерге сұйықтық қалай әсер етті?
  • Сұйықтықтыңшегеге әсерін қарап қандай қорытынды жасауға болады?
  • Металл ыдыстарды ыдыс жуатын сұйықтықпен жуған қаншалықты дұрыс?