2 апта
Кір жуатын ұнтақтың қандай компоненттері зиянды? Неден аулақ болу керек?
Зияндылықтың төмендеу дәрежесі бойынша ұнтақтарға кіретін компоненттерді келесі ретпен жазуға болады:
- фосфаттар;
- хлор;
- сульфаттар;
- силикаттар;
- аммиак;
- бор;
- анионды беттік белсенді заттардың қатаң шектеулі саны – 2% – дан аспайды;
- бір түрдің иондық емес беттік белсенді заттар – 3%-дан аспайды;
- уытты қышқылдардың тұздары – 1%-дан аспайды;
- катиондық беттік белсенді заттар – 2% артық емес;
- синтетикалық хош иістер – 0,01% – дан аспайды немесе иіссіз;
- шаң – 0,5%;
Ұнтақтардағы хош иістендіргіштердің ішінде альфа-изометил ионол, лимонен, гидроксицитронеллал, бутилфенил метилпропионал – тыйым салынған компоненттер. Олар генетикалық деңгейде әрекет ете алады және әртүрлі мутацияларға әкеледі. Сондай – ақ хош иістер тізімінде: цитронеллол (раушан иісі), линалол (алқаптың лалагүлінің иісі), кумарин (жаңа шабылған шөп), гекси циннамал-түймедақ, олар әр түрлі кластағы аллергендер (төменнен жоғарыға дейін), сондықтан аллергияға бейім адамдардың осы компоненттері бар кір жуғыш заттарды қолдануы абай болу керек.
Практикалық бөлім
Практикалық бөлімде ыдыс жуатын сұйықтықтар мен кір жуатын ұнтақтарды түрлі тәжірибелерден өткізу арқылы сапасын тексеріп, қоршаған ортаға қалай әсер ететініне көз жеткізетін боламыз.
Екінші аптада кір жуатын ұнтақтарға тәжірибелер жасаймыз. Тәжірибелерде 5 түрлі ұнтақ қатысады. Олар: Tide, Ariel, Sarma, Миф, Чайка. Сіздер өз қалауларыңыз бойынша басқа кір жуатын ұнтақтармен алмастыра аласыздар.
Тәжірибе №1. Төменде келтірілген “кір жуғыш заттың химиялық құрамы” кестесін толтырыңыз.
| Құрамы | Ariel | Tide | Миф | Sarma | Чайка |
| Беттік белсенді заттар (ПАВ) анионды | |||||
| Беттік белсенді заттар (ПАВ) неионогенді | |||||
| Сульфаттар | |||||
| Фосфаттар | |||||
| Фосфонаттар | |||||
| Карбонаттар (кальцинирлі сода) | |||||
| Силикаттар | |||||
| Поликарбоксилаттар | |||||
| Цеолиттар | |||||
| Спбын | |||||
| Энзим | |||||
| Құрамында оттегі бар ағартқыш | |||||
| Оптикалық ағартқыш | |||||
| Көбік кетіргіштер | |||||
| Антиресорбенттер | |||||
| Хош иістендіргіштер мен хош иістер | |||||
| Бензилсаллицилат | |||||
| Гексилкорикалық альдегид | |||||
| Линалоол |
Тәжірибе №2. Кір жуғатын ұнтақтың хош иісін бағалау
(“хош иістендіргіштер” – ұнтақтың бұл компоненті кем дегенде ешқандай пайдасы жоқ. Көбінесе өндіруші бұл сөздің артында не жатқанын ашық айтып көрсетпейді. Бұл аллергендер болып табылатын гексил циннамал немесе бутилфенилметилпропиональ сияқты заттар болуы мүмкін. Сондықтан хош иіс орташа деңгейдегі қауіпті элемент болуы мүмкін.)
Қадам 1. Топтарға 5 адамнан бөліңіз. Барлық қажетті материалдармен танысыңыз.
- Миф
- Чайка
- Ariel
- Tide
- Sarma
- су
- пластик қасық – 1 дана
- пластик стакан – 5 дана
Қадам 2. Әр стаканға бірдей мөлшерде жылы су құйыңыз.

Қадам 3. Әр стаканға 2 қасық кір жуғыш ұнтақ салып, араластырыңыз.

Қадам 4. Әр стакандағы судың хош иістің иісін бағалаңыз.
Қадам 5. 10 минутқа қалдырыңыз.

Қадам 6. Әр стакандағы судың хош иісті қайта бағалаңыз.
Қадам 7. Алынған нәтижелерден кесте жазыңыз.
| Кір жуғыш ұнтақтың атауы | Иістің ерекшелігі | 10 минуттан кейін иістің ерекшелігі |
| Ariel | ||
| Tide | ||
| Миф | ||
| Sarma | ||
| Чайка |
Қадам 8. Тәжірибе аяқталғаннан кейін қорытынды жасаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:
- Иістің қатты не жай шығуы неге байланысты деп ойлайсыз?
- 10 минут уақыттан кейін кейбір ұнтақтарда иістің өзгеруі неге байланысты деп ойлайсыз?
Тәжірибе №3. Кір жуғатын ұнтақтың РН анықтау
Қадам 1. Топтарға 5 адамнан бөліңіз. Барлық қажетті материалдармен танысыңыз.
- Тәжірибе №2 дайындаған стакандағы кір жуатын ұнтақ араласқан сулар
- РН анықтайтын әмбебап индикатор қағазы
- А4 қағаз – 1 дана

Қадам 2. Тәжірибе №2- дайындаған стакандағы суларға РН анықтайтын әмбебап индикатор қағазын бірнеше секундқа салыңыз.
Қадам 3. Индикатор қағаздарын судан алып А4 параққа орналастыңыз

Қадам 4. Индикатор қағаздарын РН эталонды шкала арқылы РН есептеңіз.

Қадам 5. Алынған РН нәтижелерден кесте жазыңыз.
| Кір жуғыш ұнтақтың атауы | РН нәтижелері | Орта(сілтілі, бейтарап, қышқылды) |
| Ariel | ||
| Tide | ||
| Миф | ||
| Sarma | ||
| Чайка |
Қадам 6. Тәжірибе аяқталғаннан кейін қорытынды жасаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:
- РН нәтижесіне қарап, әр кір жууға арналған ұнтақтың қандай ортаға жататынын анықтаңыз (сілтілі, бейтарап немесе қышқыл)?
- Ұнтақтардың РН шкалаларын өзара салыстыру арқылы қандай ой түйдіңіз?
- Осы қарастырып отырған ұнтақтардың ішінде қайсысының адамға зиянды әсері төмен, қайсысында жоғары?
Тәжірибе №4. Кір жуғатын ұнтақтың құрамында фосфаттың бар не жоқ екенін тексеру
Фосфор қышқылының қышқыл қалдығы – фосфат ионы (PO43-) – натрий фосфаты молекуласында (Na3PO4) кездеседі. Ерітіндіде фосфат иондарын анықтауға сапалы реакция жүргізу үшін натрий фосфатына аз мөлшерде күміс нитраты қосылады. Реакция нәтижесінде күміс фосфатының ашық сары суспензиясы пайда болады:
Na3PO4 + 3AgNO3= Ag3PO4 ↓+3 NaNO3
Қадам 1. Топтарға 5 адамнан бөліңіз. Барлық қажетті материалдармен танысыңыз.
- Тәжірибе №2 дайындаған стакандағы кір жуатын ұнтақ араласқан сулар
- күміс нитраты
- пластик соусница – 5 дана

Қадам 2. Соусницаларға тәжірибе №2- дайындаған стакандағы сулардан бірдей мөлшерде құйыңыз

Қадам 3. Әр соуницадағы суға 2 тамшы күміс нитратын тамызыңыз және процессті бақылаңыз.
Егер күміс нитрат тамызғаннан кейін су сары түске енсе, онда құрамында фосфат бар дегенді білдіреді.

Қадам 4. Осы процессті әр ұнтақ үшін қайталаңыз.
Қадам 5. Тәжірибе аяқталғаннан кейін қорытынды жасаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:
- Қай ұнтақтың құрамында фосфат бар екен?
- Фосфат қоршаған ортаға қандай зиянын тигізеді?
- Фосфаттың адам денсаулығына қандай әсері бар?
- Құрамында фосфат бар кір жуатын ұнтақты пайдаланып қолмен кір жуу қаншалықты зиян?
Тәжірибе №5. Кір жуғатын ұнтақтың сапасын анықтау
Қадам 1. Топтарға 5 адамнан бөліңіз. Барлық қажетті материалдармен танысыңыз.
- Тәжірибе №2 дайындаған стакандағы кір жуатын ұнтақ араласқан сулар
- жасыл ерітінді
- соусница – 5 дана
Қадам 2. Соусницаларға тәжірибе №2- дайындаған стакандағы сулардан бірдей мөлшерде құйыңыз.

Қадам 3. Әр соуницадағы суға 2 тамшы жасыл ерітіндіден тамызыңыз және процессті бақылаңыз.
Егер жасыл ерітіндіні тамызғаннан кейін шамалы уақыттан соң ұнтақ араласқан су қайтадан өз қалпына келсе, онда ұнтақтың сапалы екенін білдіреді.Ал егер жасыл түске еніп, сол түсте қала берсе, онда ұнтақтың сапасы нашар.

Қадам 4. Осы процессті әр ұнтақ үшін қайталаймыз.

Қадам 5. Тәжірибе аяқталғаннан кейін қорытынды жасаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:
- Қай ұнтақ жасыл ерітінді әсерінен түсін өзгертті?
- Ұнтақтың түсін өзгертуі неге байланысты?
Тәжірибе №6. Қолдан кір жуатын ұнтақ дайындау.
Қадам 1. Топтарға 5 адамнан бөліңіз. Барлық қажетті материалдармен танысыңыз.
- кір сабын – 75 г
- ас содасы 125 г
- кальцинирлі сода – 100 г
- үккіш
- контейнер
Қадам 2. Кір сабынды үккіштен өткізіңіз.

Қадам 3. Сабынға ас содасы мен кальцинирлі соданы араластырыңыз.

Қадам 4. Дайын болған қоспаны контейнерге саламыз.

Қолдану жөнінде нұсқаулық:
Жуу алдында ұнтақты ыстық суда сұйылтып, барабанға құйыңыз.
Кір жуатын автомат машина үшін 2-3 ас қасық ұнтақ, ал қолмен жуу үшін 1 ас қасық қолданасыз.
Жүн, жібек және синтетикалық маталарды жуу үшін кальцинирлі соданы құрамынан алып тастап, шамамен 60 грамм лимон қышқылын қосу арқылы сілтінің мөлшерін азайтуға болады.
