2 апта

Сабақтың басында өткен сабаққа бірнеше сұрақтар қойыңыз (3-5 минут):

1. Сіз қандай өрнектер бар екенін айта аласыз

2. Сандық және әріптік өрнектерді жаза аласыз ба?

3. Сіз өткен сабақта не жасағаныңызды еске түсіріңіз

Практикалық бөлім

Есеп шығару

Қадам 1. Әр оқушы жұбына арнап тапсырмалар, теңдеулер ойлап табуы керек (жұмбақ ретінде) – бұл өткен аптада үйге тапсырма болды. Өзіңіздің есептеріңізді көршіңізге ұсыныңыз. Тапсырмаларды ауыстырыңыз

Қадам 2. Параққа есептерді жызып, шешіңіз. 

Қадам 3. Сіз жасаған қосу кестесінің көмегімен есептеріңізді тексеріңіз.

Қадам 4. Сілтеме арқылы өтіп, садармен бояу парағын жүктеңіз. Сілтеме: сандармен бояу парағы

Принтерден басып шығарыңыз және оқушыларға таратыңыз.

Қорытынды

Оқушылар өздерінің қосу кестесін жасады. Осылайша, осы кестені қолдана отырып есептерді шешу және жауаптарын тексеру арқылы оқушылар сандық және әріптік өрнек тақырыбын оңай меңгереді және болашақта күрделі теңдеулерді шешу дағдыларын дамытады.

Бұл жобада әр оқушы екі санат бойынша STEAM титулымен марапатталады:

– Сіз өз бетіңізше, сандық және әріптік өрнектерді зерттеп, есептерді өзіңіз шештіңіз, сіз нағыз математик ғалымсыз!

– Сіз өзіңіз қосу кесте жасап шығардыңыз. Құттықтаймыз, Сіз-жас креативті талдаушы-әзірлеушісіз!

Бағалау