Сабақ 2

Электр энергиясына төлем жасау

Бұл сабақта электр энергиясына төлем жасауды есептейді. Есептеулерді жұмыс парағында орындау ұсынылады. Әртүрлі жарықтандыру шамдарының (қыздыру шамы, энергияүнемдегіш шам, жарықдиодты шам) тұтынатын қуаты есепке алынады. Нұсқаулықтан кейін мысал ретінде Астана қаласы үшін электр энергиясына төлем сомасын есептеу жолы көрсетілген.

Қадам 1. Өз аймағыңыздағы электр энергиясының тарифін анықтап, оны жұмыс парағының «Берілгені» бөлігіне жазыңыз.

Қалалар бойынша электр энергиясының тарифі, 2023 ж.
Астана17,21
Алматы21,62
Шымкент18,21
Қостанай29,85
Қызылорда24,29
Қарағанды16,48
Талдықорған19,52
Көкшетау 20,64
Тараз19,22
Петропавл16,63
Өскемен13,95
Орал20,47
Павлодар25,22
Ақтау17,40
Ақтөбе11,07
Атырау6,28
Семей16,48
Түркістан18,21
Жезқазған18,17

Қадам 2. Шамды қолыңызға алып, оның тұтынылатын қуатын табыңыз. Әдетте ол шамның әйнегінде немесе түбінде жазылады. Ол сан түрінде және өндіруші елге байланысты Вт немесе W өлшем бірлігімен көрсетіледі. 

Қадам 3. Барлық үш шамның қуаттылығын «Берілгені» бөліміне жазыңыз. 

БерілгеніШешуі














Жауабы

Қадам 4. Қанша уақытта тұтынылған энергияны есептейтініңізді  жұмыс парағына жазыңыз: 2 сағат. 

Қадам 5. Аспаптардың энергиясын есептеу формуласы:

Формуланы пайдалана отырып, әрбір шам үшін «Шешуі» бөліміне электр энергиясын есептеңіз. 

Қадам 6. Тұтынған энергияның бағасын есептеу формуласы:

Формуланы пайдалана отырып, әрбір шам үшін жеке тұтынған энергияның бағасын есептеңіз. Есептеуді «Шешуі» бөліміне жазыңыз. 

Қадам 7. Әрбір шам үшін тұтынған энергияның бағасын «Жауабы» бөліміне жазыңыз.

Мысалы:

Қадам 8. Төмендегі сұрақтарға жауап беру арқылы қорытынды жасаңыз:

  • Қай жарықтандыру көзі әлдеқайда үнемді болып табылады? Неліктен? 
  • Электр энергиясының өлшем бірліктері қандай және олар бір-бірімен қалай байланысты (ватт, киловатт, киловатт-сағат)?
  • Белгілі бір құрылғыны тұтыну мен аймақтық тарифтерді біле отырып, бір айда пайдалану құнын қалай анықтауға болады?
  • Энергия шығындарын үнемдеудің қандай негізгі жолдарын атауға болады?

Қорытынды

Сарамандық жұмыс барысында оқушылар электр энергиясымен байланысты екі маңызды аспектіні сәтті біріктірді: жарық диодтары негізінде бағдаршам жасау және тұтынылатын электр энергиясының құнын есептеу. Бұл жұмыс күнделікті өмірде электр энергиясын тиімді басқарудың маңыздылығын көрсетудің және түсінудің тамаша тәсілі. Тұтыну құрылғылары мен аймақтық тарифтерді ескере отырып, электр энергиясын тұтыну құнын есептеу әдістерін игерді.