2-сабақ
Теориялық бөлім
Қалай үйде қоқысты сұрыптауды бастауға болады?
Егер сіз сұрыптауды енді бастаған болсаңыз, бір категориядан бастаңыз. Пластик, шыны немесе қағазды жинаңыз. Үйрене бастаған соң тағы бір категориясын қосып көріңіз. Батарея, аккумулятор, градусник сияқты қауіпті заттарды жинап арнайы қабылдау бөліміне апаруға болады.
Келесі қадам – үйде қайталама шикізаттар үшін екінші ыдыс дайындаңыз. Оған қайта өңдеуге болатын барлық қалдықтарды тастайсыз. Ал бұрынғы ыдысқа өңделмейтін қалдықтарды тастайсыз.
Тағам қалдықтарын не істеуге болады?
Тамақ қалдықтарын бөлек тастауға болады. Егер сіз қалалық пәтерде тұрсаңыз ас үй раковинасына майдалағыш (диспоузер) орнатуға болады. Майдалағыш арқылы өтіп канализациямен қалалық ағын суларын тазарту қондырғылары арқылы өңделіп биогаз немесе топыраққа айналып кетеді.

Изображение от pch.vector</a> на Freepik
Есік алдында не өткізуге болады?
Жиналған макулатура, шыны, металл, пластик бөтелкелер мен канисталарды қайта өңдеуге өткізуге болады. Үлкен қалаларда үйлердің қасында әр қалдық түріне бөлек ыдыстар орнатылған.
Шыны, картон, алюминий ыдыстар мен пластик қалдықтарын өңделетін шикізаттар ретінде бір ыдысқа жинауға да болады. Кейін оларды сұрыптау орындарында сұрыпталатын болады.
Шикізат ретінде жіберетін заттарыңызды жуып, кептіріп беруге тырысыңыз. Ыдыстардағы этикетка, жабысқақ таспа немесе басқа бөліктерін алудық қажеті жоқ.
Батарея, аккумулятор, градусник, қолдану мерзімі өткен дәрі-дәрмектер, тұрмыстық химия, бояғыштар, техника – бұлардың барлығы қауіпті қалдықтар болып табылады. Оларды басқа қалдықтармен бірге тастауға болмайды, өйткені олардан қауіпті заттар (сынап, қорғасын, никель, кадмий, сілтілер) бөлініп, қоршаған ортаға тарайды. Аулаларда бұндай заттарды тастауға арналған ыдыстар болмауы мүмкін сондақтан оларды арнайы қабылдау орындарына өткізу керек.
Егер аулаңызда өңделетін шикізатқа арналған бөлек ыдыстар болмаса, қабылдау орындарына апаруыңызға тура келеді.

Изображение от jcomp</a> на Freepik
Бұл сіз ойлағандай қиын емес
- Аз-аздан бастаңыз. Бірден қалдықтардың түт-түріне жеке ыдыс қойып күнде қабылдау орындарына апару міндет емес. Мысалы макулатураны айына бір апарып, маусым сайын керек емес киімді өткізіп немесе ауыстырып отыруға да болады.
- Бір істі бастауда қателік жіберуден қорықпаңыздар. Барлығын бірден мінсіз жасау маңызды емес. Сіздің қайта өңдеуге жіберілген бір пластикалық бөтелкенің өзі – бұл үлкен қадам болып табылады.
- Бұған ойын ретінде қарап бастап, кейін тереңірек зерттеуге болады. Солай сұрыптаудың оңтайлы жолын өзіңіз құрастыра аласыз. Өзіңіздің әдеттеріңіздің қалай өзгеріп жатқанын бақылаңыз, бірінші сұрыпталған қалдықтарды қабылдау орнына өткізіп көргеннен кейін өзіңізге марапат ретінде сүйікті тәттіңізді алып беріңіз.
- Смартфон қосымшалары немесе блокнот арқылы өзіңізге белгілер қойып, даму, өзгеріс жолдарын бақылап отыруға да болады. Бұл тек сұрыптау мәселесінде ғана емес кез-келген бастамада сізге көмегін тигізеді.
Қолданылған әдебиет:
https://trends.rbc.ru/trends/green/5d696a8c9a7947741b7e954d
Практикалық бөлім
Бұл сабақта қоқыс қорабын жасап Arduino тізбегін қорабқа орналастыратын боламыз.
- Алдымен картоннан қорабтың қаңқасын жасаңыздар. Өздеріңізге ыңғайлы, ішіне қоқыс сиятындай етіп өлшемдері мен пішінін таңдаңыз. Суретте, биіктігі 40см, қабырғалары 20см үшбұрыш етіп жасалған қораб корсетілген.

- Картоннан қорабтың өлшеміне сәйкес, төбесіне түбіне және ортасына 3 қабырға қиып алыңыз. Біреуін түбіне желіммен бекітіңіз. Екіншісін, сур еттегідей жорғарғы жағына қарай орналастырыңыз.


- Ортасында орналасқан бөлігінде қоқыс сиятындай етіп тесік жасаңыз. Кейін картоннан сол қоқыс өтетіндей етіп құбыр жасап, желіммен бекітіңіз. Сенсор осы жолда орналасатын болады.

- Сервомоторды қораптың бір қабырғасына желіммен орнатыңыз және суреттегідей тесік жасаңыз.


- Картоннан төртбұрышты кесіп, оны серво қозғалтқышына жабыстырыңыз. Бұл төмен түсетін және көтерілетін есік болады.

- Енді ойыншық түсетін қоршау жасаңыз.

- Сенсорды қоқыс түсетін құбыр жолына тесік жасап бекітіңіздер. Датчиктің айналасында картон қағаздары қалмауы қажет. Сенсор даьчиктері тек тасталған қоқысты ғана көруі керек.

- Қорабта жиналған қоқысты шығарып алу үшін артқы қабырғасынан есік жасаңыздар.
- Дайын болған кезде, қорабтың төбесін жабуға болады.
- Қорбаты қалауларыңызша безендіруге болады.
Үйге тапсырма
Келесі сабаққа дейін оқушыларға үйінде қоқыстарды сұрыптауды ұсыныңыз. Бір апта бойы осылай жасап, келесі сабақта ойларын білдіруін сұраңыз. Қандай қиындықтар болғаны туралы. Ұсыныстар, қалаулары болса дайындап келуін сұраңыз.
Келесі сабаққа презентация дайындау қажет. Осы жобада не істелді? Сол туралы ойларын білдіруі қажет. Және де бір апта бойы үйінде қоқысты сұрыптау бойынша жасалған эксперименттері болса бөлісуі қажет. Соңында қорытындымен аяқтауы қажет болады. Түрлі фото, видео, блог, влог, презентация түрлерін қолдануға болады.
